ҚОСТАНАЙ. 11 мамыр. Қостанай облысының Денисов ауданынан іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Денисов ауданындағы жергілікті полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар Дәурен Ысқақов пен Бағдат Кенешев шығыны ондаған миллион теңге тұратын аса ірі көлемде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Екі инспектор қашқан оны қуып ұстап алу үшін егіндік алқаппен 3 шақырымдай жүгіріп отырды.
Инспектор Дәурен Ысқақов: «Мерекеде аудандағы елді мекендердегі тәртіпті күшейткенбіз. Біз әріптесім екеуміз Таран мен Денисов аудандарының шекарасында орналасқан Перелески ауылында тәртіпті қадағаладық. Біз поселкеге кіріп келе жатқанда алдымыздан қарсы шыққан машинадан ер адамды байқап қалдық. Түрі іздеу салынған қылмыскерге ұқсап кетті. Біз машинаны тоқтаттық, оған жақындай бергенде әлгі кісі машинадан секіріп түсті де қаша жөнелді», – деді.
Күдікті жергілікті тұрғын, жердің ой-шұқырын жақсы біледі. Ол поселкенің шетіне дейін барды да, егін алқабына түсіп қашты. Екі учаскелік инспектор жаяу артынан қуып отырды, бәрібір ұсталды. Ұсталған адам шындығында Астанада, Денисов ауданында ірі ұрлықтар жасап, қашып жүрген, Астана қалалық ішкі істер департаменті іздеу салған қылмыскер болып шықты. Қазір ол қамақта отыр, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, фото: Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Кендірлі әуежайы 2027 жылы толық іске қосылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47