26 Қаңтар, 2011

Жеті айда ардагерлерге үй салып берді

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сөйтіп, Ұлы Отан  соғы­сы­на қатысқан майдангер аталар Жаңа жылдың алдында қоныс тойла­рын тойлады. Облыс әкі­мі Ба­қыт­жан Сағынтаев өткен жылғы 9 ма­мырда уәде еткен сөзінде тұр­ды. Облыс орта­лы­ғында пай­да­лануға берілген тұр­ғын үйдің пәтер кілттерін 108  ардагерге өз қолымен сал­та­натты түрде табыс етті. Жаңа тұрғын үйді салу үш­ін облыстық бюджеттен 460,8 миллион теңге бөлінді. Үйдің бірінші қабатында ардагерлерге ар­нал­ған медициналық ортал­ық,  аз­ық-түлік өнімдерін сата­тын дү­кен жұмыс істейді. Бұл жерде  ата-әжелердің басқо­сып, әңгі­ме-дүкен құратын дем­алыс бөл­мелері бар. Ардагерлер шахмат, тоғызқұмалақ, дой­бы ойнап, дом­быра, баян секілді музы­ка­лық аспаптарда ән шырқауға мүмкіндік алды. Жо­ғары қабат­тарға еш қиын­дық­сыз көтерілуі үшін қазіргі заман талабына сай жабдық­тал­ған лифті жұмыс істейді. Қар­тайған шақтарында қол­­да­рын жылы суға малғыза­тын жай­лы пәтерлерге қол жеткізген ардагерлер Мазан Мусин, Николай Гарусов, Александр Сұл­танғазиндер  игі тілектер ай­тып, баталарын берді. Пәтер кілтіне ие болғандардың бірі – бая­н­ауылдық Тәуекел Әбжанов ақса­қал Елба­сының және об­лыс бас­шылы­ғы­ның қамқор­лық­тарына ардагерлер де әр­қашан сапта еке­нін қуа­нышты көңіл-күймен жеткізді. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.