46 пәтерге үлкен шығын келтірді
Таң мезгілінде қаланың қақ ортасында елді дүрліктіріп, қып-қызыл отқа оранған жеті қабат тұрғын үй өрт сөндірушілердің жедел-қабыл қимылының арқасында бір сағатқа жетер-жетпес уақытта «тілсіз жаудан» азат етілді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Түтінге тұншыққан жеті адам дін-аман далаға шығарылды. Қатты иіс тиген бір азамат ауруханаға жөнелтілді. Тез арада қауіпсіз жерде құрылған «шатырлы қалашыққа» 120 тұрғын жайғастырылды.
Араға көп уақыт салмай, оқиға орнына асығыс жеткен қала әкімі Бауыржан Байбек зардап шегушілермен кездесіп, хал-жағдайларына қанықты. Абылай хан мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы кеңес заманынан көпшілікке аса танымал «Юбилейный» гастрономы бүгінде сол атаумен супермаркет түрінде халыққа үлгілі қызмет көрсетіп келетін. Сол жылдары гастрономның бұрышында тұшпарасы таусылмайтын «Қарагөз» кафесі болушы еді. Аяқ астынан аты жоғалған «Қарагөзге» жапсарласып кейіннен салынған «Корова бар» деген «техастық сиыршылар» үлгісінде кафе жұмыс істейтін. Өрт сол «сиыр баққандар» дәмханасынан шықты. Нысанның сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті. Болған оқиғамен жан-жақты танысқан қала әкімі Бауыржан Байбек «Дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшыларына таяудағы 7 күннің ішінде жалын шарпыған барлық 46 пәтерді күл-қоқыстан тазартып, қалпына келтіруді табыстады. Тиісті ведомство басшыларынан осы мерзім ішінде пәтерлерді газбен, сумен, электр жарығымен толық қамтамасыз етуді міндеттеді. Үш мердігер мекеме баспаналарды бастапқы қалпына келтіру ісіне кірісіп те кетті. Арнаулы комиссия аумағы 1100 шаршы метрді шарпыған өрттен келген шығынның ақырғы сомасын анықтап та қойды. Тергеу басталды.
Төтенше оқиғаның сабақ болғанын ескере келіп, қала әкімі орынбасарларына қаладағы тұрғын үйлерге жапсарласқан барлық дәмханалық, шәйханалық нысандардың заңдылығы мен жайлылығын бір рет тексеріп, сүзгіден өткізу керектігін тапсырды.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Атырау облысына қанша сұйытылған мұнай газы қажет?
Аймақтар • Бүгін, 14:26
Шекара шебіндегі Шіліктіге интернет жетті
Аймақтар • Бүгін, 14:08
Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахматтың» ойыншысы атанды
Футбол • Бүгін, 14:01
Блогер Қайсар Қамза өзіне іздеу салынғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 13:05
Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:00
Нобель комитеті: Бейбітшілік сыйлығын Трампқа беру мүмкін емес
Әлем • Бүгін, 12:50
Қостанайда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 100 жасқа толды
Өшпес даңқ • Бүгін, 12:48
Еліміздің 2025 жылғы ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады
Экономика • Бүгін, 12:32
Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Астанада Ұлттық ұланның мерекелік концерті өтті
Әскер • Бүгін, 12:10
Трамп Масктен Ирандағы интернет байланысын қалпына келтіруді өтінбек
Әлем • Бүгін, 12:07
Түркістан облысында 469 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
Білім • Бүгін, 11:40
Шығыс Қазақстанда полицейлер күрежолда әйелді құтқарып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады
Футбол • Бүгін, 11:18