12 Мамыр, 2016

Былғары қолғап шеберлері

870 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
09-05-16-box_asiaжастар арасындағы Азия чемпионатында ерледі Павлодарда 8 мамыр кү­ні мәреге жеткен Азия­ның бокстан жастар арасын­дағы жетінші чемпионаты қазақстандықтардың зор жеңі­сімен аяқталды. Онда еліміздің жас былғары қолғап шеберлері 6 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға көтерілді. Екінші орындағы Өзбекстан жастары 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді. Үшінші орынға шыққан жапон боксшыларында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Финалдық айқасты 49 килодағы қазақстандық Ва­си­лий Самчук пен өзбек Отабек Холматов бастады. Онда біздің оғлан 2:1 есебімен басым түсті. Келесі салмақ дәрежесінде (52 кг) жапон Хайато Цуцуми кореялық Ли Хи-Сеопты осындай есеппен сүріндірді. Қазақстанға екінші алтын медальды 56 кг салмақтағы Серік Темірханов қырғыз Нурсултан Маматалиді 3:0 етіп жеңу арқылы алып берді. Өзбекстандық Билолбек Мирзарахимов үндістандық Анкуш Дахиамен айқаста 60 килоға дейінгі салмақтың «ал­тынын» еншіледі. Содан соңғы 64 кг салмақта да үндіс­тандық боксшы ұтылып қал­ды. Ол – Айхуш Кулхирия қазақ Аятулла Тәкіжановқа есе жіберді. Келесі 69 килоға дейінгі салмақта қазақстандық Олег Матвейчук пен өзбек Улугбек Собировтің арасындағы жек­пе-жек те өте тартысты өтті. Оның қорытындысында төре­шілер өзбек спортшысын жеңімпаз деп таныды. 75 кг салмақта қазақстандық Аман Қазанғапов түрікмен Нурягди Нурягдиевті 3:0 етіп ұтты. 81 килоға дейінгі салмақта Сан­жар Турсунов үндістандық Рейал Пуриді қатты тартыс үстінде жеңді. Ал соңғы екі сал­мақта Қазақстан мен Өз­бекстан боксшылары ұшы­расып, екеуінде де біздің жігіт­тердің мерейлері үстем болды. Атап айтқанда, 91 килода Дмитрий Ахцигер – Шохруз Рахи­мовтан, 91 килодан ауыр сал­мақта Нұрдәулет Ұланұлы Абдулла Худогановтан басым түсті. Қазақстандықтар сапынан чемпионаттың қола жүлдесін Айдос Арапов (52 кг), Қазбек Сәпенов (60 кг) және Елдияр Қам­шыбеков (81 кг) алды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ
Соңғы жаңалықтар

Жұмақ – жүректе

Кино • Бүгін, 08:30

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Саяның «SSS» мектебі

Қоғам • Бүгін, 08:12