«Алматыдағы әйгілі «Достық» спорт кешені сатылымға қойылды. Кешеннің бағасы – 3,7 миллиард теңге шамасында», деп хабарлады жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын «Крыша.кз» коммерциялық порталы.
1983 жылы салынған спорт кешені сатылымда кепілдік мүлік ретінде тұрғаны хабарлануда. Аталған ғимараттың меншіктік құқығына ие болған «Қазкоммерцбанк» қаржы мекемесі «Достық» кешенін кепілге қойған кәсіпкердің банк алдындағы қарызын өтей алмай, бұдан бірнеше ай бұрын саудаға қойғанын, бір мәрте алмақшы болған клиент бас тартқаннан кейін тағы да сауда алаңына шығарылғанын айтқан.
2000 жылға дейін Туризм және спорт агенттігінің қарауында болған «Достық» спорт кешені кейінірек қаржылық жағдайға байланысты акционерлік қоғам болып өзгерген болатын. Аумағы 7,3 мың шаршы метрді құрайтын кешенде 6 теннис корты, 3 футбол алаңы мен көптеген арнаулы және әкімгершілік ғимараттар орналасқан.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Кеше