12 Мамыр, 2016

Жер пайдаланып, тастай салатын зат емес

585 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
абдуллаев кенже кожахметович-1Елбасының Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий жариялауын дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Олай деуіме себеп те жоқ емес. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Қазақстан азаматтарына бұрынғы кеңшар, ұжымшар иелігіндегі жер­лерді жекешелендіруге рұқсат берілгені мәлім. Бұл қадамның бас­ты мақсаты жердің нағыз иесін бел­гілеу, оған жанашырлықпен қарау болатын. Өкінішке қарай, мүмкіндікті пайдаланғандар қатарында жер туралы түсінігі шамалы, оны пайда табудың көзі ретінде қабылдағандар болды. Мұның өрескел салдары болғандығын көріп те отырмыз. Қазіргі таңда қараусыз қалған миллиондаған гектар құнарлы жер бар. Ақмола облысында дәл осындай жағдайдағы жерлер жеткілікті. Егіншілік мәде­ние­тіне ерекше көңіл бө­ле­тін біздің облы­сы­мыз­дың өзінде антро­погендік әсердің салда­ры­нан, ұқыпсыз қожайын­дар­дың білместігінен құнары төмендеген ал­қаптардың көлемі 0,5 миллион гектарға жет­кенін айтуға тура келе­ді. Оның үстіне, жер құнарлылығы жыл санап азайып барады. Басты себеп – жерге қатынастардың әлсіреуінде. Ғылыми тілде айтқанда, егер дәнді дақылдар гектарынан 5 центнерден кем өнім берсе, тиімсіз саналады. Ал шағын жер (2000 гектарға дейін) жер үлесіндегі қожалықтар өңдеу кешенін толық қамтамасыз ете алмайтындықтан, үнемі шығынмен жұмыс істейді. Демек, біршама жер ауқымы қараусыз қалады. Қазіргі қадам ғылымға байланысты болмақ. Бұл ретте, қолданыстағы қарапайым қағидаларды санап шығу артық шығар. Жерге деген жанашырлық мемлекеттік аграрлық кешен нысандарының егіншілік мәде­ниетін көтеру, экологиялық және экономикалық ерекшеліктерге бейімдеу болып табылады. Бұл жер ресурстарын жаңа агротехнологияларды тиімді әрі ғылыми тұр­ғы­да игеруге байланысты екендігі ақи­қат. Осынау факторларға байланысты жерді Қазақстан азаматтарының иелі­гіне беру тиімді деп ойлаймын. Ата-баба­ларымыздың қол күшімен қорғап қалған жерді ешкім қорлатуға бер­мейтінін сөз етуге де болмайды. Бірақ, асыраушымызды айналысқа қосу біздің міндетіміз. Болашақ осыны көксейді. Жермен жердің лүпілімен жарас­тықтағы азаматтар, яғни шынайы қожа­йындар айналысуы керек. Біздің жер шаруашылығымыздан ғылыми жүйе алда жүр. Сондықтан, әріптестерімді ортақ өзек табуға шақырар едім. Кенже АБДУЛЛАЕВ, Көкшетау агроэкономикалық институтының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Ақмола облысы