26 Қаңтар, 2011

Үшемдер аядай бөлмеде тұрады

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осыдан бір-екі ай шамасы  бұрын Екібастұз қаласына қа­расты Солнечный кентінде Вилен, Элен, Генрих атты үшемдер өмірге келгенін, олар­дың ата-аналарымен бірге қиын жағдайда тұрып жатқандарын жазған болатынбыз. Көп ұзамай-ақ үшемдердің әкелері Валентин Толмачев жұмыс жасайтын ГРЭС-2 стансасының басшылығы бұл отбасына 5 бөлмелі пәтер кілтін тапсырған еді. Енді, міне, Алланың шапағаты тиіп, Жанар атты кішкентай сүйкімді қыздары бар Медет пен Қарлығаш Танкешовтердің отбасында да үшем дүниеге келді. Пәтерлері жоқ жастар қазір облыс орталығындағы  жатақхананың аядай ғана бөлмесінде тұрып жатыр.  Үшемнің әкесі Медет болса алпауыт  зауыт – «Қазақстан алюминийі» АҚ-та еңбек етеді. Әзірге ол жақтан келген көмектің құны 100 мың теңгемен шектеліпті... Үшем табу қазір таңсық емес дегендей, жергілікті әкім-қаралардың өзі төбе көрсете қоймапты. Бүгінде бұл сәбилерді жуындырып, бағып-қағудың өзі жас анаға әбден қиынға түсетіні көрініп тұр. Біз алдағы уақытта қала әкімдігі мен кәсіпорын өкілдері үшемдер тұрып жатқан аядай бөлмені өз көздерімен көріп, ойланар, көмектесер деген жақсы ойдамыз. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.