12 Мамыр, 2016

Қостанайда 5 айдың ішінде полицияға 60 мың дабыл түскен

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-05-16-baskaru ortalygyҚОСТАНАЙ. 12 мамыр. Қостанай қаласындағы жедел басқару орталығына 5 айдың ішінде тұрғындардан 60 мыңға тарта дабыл түскен. Олардың арасында 38 мың қылмыс ашылып, 7 мың құқық бұзушылық анықталған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанай қаласындағы жедел басқару орталығын қалалық ішкі істер басқармасының «жүрегі» деп айтуға болады. Мұнда «102» номері арқылы тынымсыз дабыл түсіп жатады. Полицияның жұмысы да осы түскен дабылдар ізімен құрылады. Қостанайдағы жедел басқару орталығы 2005 жылы құрылған болатын. Ол ішкі істер органдарының құқық бұзушылықпен күресінің, тәртіп орнатудағы жұмысының тиімділігін арттырып, бірден нәтижесін көрсетті. Орталықта кезекшілер телевизиялық монитордан 179 камераны бақылап отырады. Оның ішінде 112 камера қоғамдық орындарға қойылған, қалғандары тұрғын үйлердің ауласында тұр. Қостанай қалалық ішкі істер басқармасы жедел басқару орталығының бастығы, капитан Асылбек Бикенов: «Жедел басқару орталығының қызметкерлері ішкі істер басқармасының жұмысын үйлестіреді. Орталықта барлығы да автоматтандырылған. Мысалы, «102» арқылы дабыл түсірген адамның телефоны көрінеді, сол сәтте дауысы жазылады. Егер зардап шеккендер болса «жедел жәрдеммен» тікелей байланыс қосылады», – деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: Қостанай облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. 12-05-16-baskaru ortalygy 1