АСТАНА. 12 мамыр. Президенттiң тапсырмасымен елiмiзде Жер реформасы жөнiндегi комиссия құрылды. Бұл туралы bnews.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тiлшiсi хабарлады Комиссияға Премьер-министрдің бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев төрағалық етедi.
«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына 75 адам кіреді, олардың iшiнде Сенат және Мәжiлiс депутаттары, Үкiмет мүшелерi, мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, агробизнес өкiлдерi, ғалымдар, қоғам белсендiлерi бар. Комиссияда барлық өңiрлердiң өкiлдерi қамтылған. Бiз елiмiзді, оның бейбiт болашағы үшiн алаңдайтын азаматтарды ынтымақтасуға шақырдық», – дейді Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ, комиссия төрағасының айтуынша, халықты барынша қамту үшiн облыстық әкiмдiктiң жанынан құрылған қоғамдық кеңестер де осы жұмысқа белсенді араласпақшы.
«Комиссия бiздiң азаматтарымыздың пiкiрталастарының барысы туралы барынша шынайы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық түрде алуы үшiн жұмыс iстейді», – дейдi ол.
Бұдан бөлек, арнайы Jerturaly.kz порталы iске қосылды. Порталда комиссияның жұмысы туралы барлық ақпарат жарияланады.
«Бұл сайтта адамдар көкейтестi сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын қалдыра алады. Қосымша арнайы Call-center жұмыс істейді», – дейдi комиссия төрағасы.
Айта кетейік, Жер реформасы жөнiндегi комиссияның алғашқы отырысы 14 мамыр күні Астанада өтедi. Сондай-ақ, комиссия мүшелерi өңiрлерге баруды жоспарлап отыр.
Талғат Райымбек.
Дерек: bnews.kz.
Фото: egemen.kz.
• 12 Мамыр, 2016
Елімізде Жер реформасы жөнiндегi комиссия құрылды

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59