26 Қаңтар, 2011

Өрелде мектеп, Катонқарағайда аурухана ашылды

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жақында Катон­қарағай сапары кезінде екі бірдей ма­ңыз­ды оқиғаның куәсі болды. Өрел ауы­лындағы 320 балаға арналған мектептің және Катонқарағайдағы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша са­лынған 75 төсектік аурухананың сал­та­натты ашылуына қатысты. Төр Алтайдың түкпірінде жатқан Өрел ауылының мектеп бітірген 28 түлегінің 26-сы бірдей өткен жылы жоғары және арнаулы оқу орнының грантына ие болған. Катонқарағай ауданы бойынша шәкірттер былтыр тестілеу қорытындысында 97 балл жинаған. Бұл – өңірдегі ең жоғары көрсеткіш. Салтанатты жиында өңір басшысы сөз алып, бір ауданда екі бірдей елеулі оқиғаның болуы ел экономикасының артқанының куәсі екеніне тоқтала кетті. Мектеп сыныптары қажетті құрал-жабдықтармен, ал құрылысы 2 млрд. 50 миллион қаржыға түскен аурухана қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.