Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент – Елбасы қорының басшылығымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Елбасына Қордың 2015 жылғы және биылғы 5 айдағы қызметінің қорытындылары туралы, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан, жоспарланып отырған жобалар жөнінде баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қордың өз қызметінде жаңа сапалы деңгейге көтерілуі қажет екенін атап өтті.
– Қор жұмысының негізгі бағыты – ғылыми бағыт. Зерттеушілік бағыттың, соның ішінде әлемдік сарапшылармен саясат, экономика, халықаралық қатынас және қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті Қор жүргізетін ғылыми зерттеулер аясында елді дамытудың өзекті мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеудің де өзектілігін атап өтті.
Елбасы Қор азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатыса отырып, өз жобалары арқылы халықты барынша молынан қамтуы тиістігіне назар аударды. Бұл ретте мәдениет, өнер және әдебиет саласындағы бастамалар биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жүзеге асырылуы қажет.
Қордың атқарушы директоры С.Нұраханов есепті кезеңде ғылыми-шығармашыл жастарды қолдау, әлеуметтік бағдары бар жобалар мен қайырымдылықты жүзеге асыру, сондай-ақ, ақпараттық-талдамалық қызмет сияқты бағыттар бойынша 67 іс-шара өткізілгенін айтты.
Өткен жылы Қор жас буын үшін сыйлықтар, стипендиялар мен гранттар тағайындау жөнінде дәстүрге айналған конкурстық бағдарламаларды іске асырды. Жұртшылықтың жоғары бағасын алған жаңа табысты жобалар қатарында «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығы бар. Сонымен қатар, «Астана клубы» сарапшылық ұйымы жұмысын жалғастыруда.
Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры С.Әкімбеков халықаралық талдау орталығын үздік халықаралық стандарттарға сай дамыту жөніндегі міндеттің жүзеге асырылуына тоқталды. Институт өз қызметі аясында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде зерттеулер жасап, баяндама дайындайды.
Биыл 12-ші рет өткен, «Бүгінгі бақытты балалық – ертеңгі қуатты Қазақстан» деген тақырыпқа арналған жыл сайынғы «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі» аясында ел өңірлерінен 16 үкіметтік емес ұйым Қордан қаржылық қолдау алды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай Тұңғыш Президент – Елбасы қорының қаржылық қолдауымен Кеңес Одағы Батырларының, қазақстандықтардың ерліктері туралы баяндайтын «Жеңістің жалыны» атты үш томдық жинақ қайта басылып шықты.
Жыл басында жас шығармашыл қызметкерлердің мәдениет пен өнер саласындағы, сондай-ақ, жас ғалымдардың ғылым және техника саласындағы жетістіктерін қолдау және бағалау аясында Қор сыйлығының 21 лауреатын марапаттау рәсімі болып өтті.
Қор Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету ісіне атсалысу мақсатымен мамыр айының басында Нью-Йорк штатында концерт және фотокөрме ұйымдастырды.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38