Мүлікті жария ету бойынша рақымшылық биылғы жылдың соңына дейін созылғандықтан Семей қаласында осыған орай жұмыстар қызу әрі қарқынды жүріп жатыр. Комиссияға әртүрлі сұрақтары бар адамдар көптеп келуде. Мәселен, Ресейдегі ақшаларымды жарияласам бола ма деп сұрағандар да жетерлік. Бірақ, шетелдегі ақша мәселесі біздің құзырымызда емес дейді, Семей қаласындағы мүлікті жария ету бойынша комиссия хатшысы Әсем Балапанова, бізде тек жылжымайтын мүлікті жариялау ғана қарастырылған. Және тағы бір мынандай сауал қойылды: мемлекеттің рұқсатымен алынған жер учаскесіне үй салынған. Алайда, бұл үйдің құжаттары жоқ. Осы үй мен жерді тіркеуге тапсыруға бола ма? Және осы ретте мүлікті жария ету акциясының жеңілдіктерін пайдалану мүмкіндігі бар ма? Әсем Балапанованың айтуынша, егер мемлекет жер учаскесін берсе, онда салынған құжатсыз үйді де жария етуге болады. Мемлекет бұл акцияны осындай жағдайлар үшін ұйымдастырып отыр. Ол үшін үй салған азамат жергілікті әкімдік қасынан мүлікті жария етуге қатысты құрылған комиссияға өтініш пен өзінің жеке басын куәландыратын құжатты тапсырып, өтініште өзінің жоғарыдағы үйге қатысты мақсатын айқын жазуы қажет.
Семей қаласындағы мүлікті жария ету бойынша комиссия хатшысы Әсем Балапанова мысалға келтіргендей, бастапқы кезде үй-жайларын жариялағандар көп келген. Кейінірек жекеменшік кафе, монша сияқты бизнес нысандарын жариялауға да халық құлшыныс білдіре бастапты. Семейде мүлікті жариялауға деген ықылас ерекше болып тұр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары.
Мүлікті жария ету дегеніміз – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және еліміздің заңнамасына сәйкес ресімделмеген, не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет дейді, Семей қаласындағы мүлікті жария ету бойынша комиссия хатшысы Әсем Балапанова.
– Семей қаласы бойынша 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін мүлікті жария етуге 291 өтініш қабылданды, – деді мүлікті жария ету бойынша комиссия хатшысы Әсем Балапанова – оның ішінде жалпы құны 741,7 млн. теңге болатын 233 өтініш қанағаттандырылды. Мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі болып табылады. Мүлікті жария ету науқаны Қазақстан азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға, олардың жылжымайтын мүліктерін заңдастыру үшін жарияланды.
Сондықтан көлеңкелі экономиканы мейлінше азайту мақсатында біздер бірлесе отырып осы басталған үдерісті аяқтап шығуға тиіспіз. Ол біздің азаматтарымыздың адал болып, алаңсыз ұйықтап, салықтарды уақтылы төлеп, жауапкершілікке тартыламын деп алаңдамай өмір сүрулері үшін қажет.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35