ТАРАЗ. 12 мамыр. Жамбыл облысында орман жерлері әуеден бақыланатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтқан мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Мақсат Акимбаевтың ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен және аудан әкімдерімен бірлесіп орманды далалық алқаптарда өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда. Елді-мекендерде 2368 адамнан құрылған 171 ерікті өрт сөндіруші құрылымдар ұйымдастырылды және олар өрт сөндіруге арналған 303 дана тіркемелі тракторлар, 34 су тасығыш техникамен және 228 бейімделген техникамен, 24 өрт мотопомпасымен жабдықталды. Өрт сөндіруге қажетті 78 аспалы өрт сөндіргіш және 2753 дана қол асты өрт сөндіргіш құралдары дайындалды», дейді Мақсат Әшірбайұлы.
Мақсат Акимбаевтың айтуынша, ғарыш мониторингін енгізу орманды далалық алқаптарда 2015 жылы өрт қауіпсіздікті бақылаудың тиімді тәсілінің бірі болып отыр. Оның көмегімен 1062 гектар жерде 4 орман ошағы және далалық алқаптардағы 1828 га жерде 92 жану оқиғасының ошағы дер кезінде анықталып, оларды сөндіруге жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік берді. Бұл жұмысты жалғастару үшін 2016 жылы облыстық бюджеттен 6 млн. 500 мың теңге бөлінді.
«Жануарлар әлемі және орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы қызметкерлері ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап орман қорының 3,2 млн. га жерін «Қазорман қорғау» ЖШС әуетехникасымен күніне екі рет ұшу жүргізетін болады. Барлық орман шаруашылығы мекемелерінде мемлекеттік есес өртке қарсы қызмет құрылды (жеке құрамы 126 адам) және олар 14 өрт автоцистернасымен және адамдарды тасымалдауға қажетті 57 кезекші автокөлігімен қамтамасыз етілді», деді МақсатАкимбаев.
Орман шаруашылығында 570 шыртылдақ, 81 аспалы өрт сөндіргіш және 14 әмбебап өрт тіркемелері дайындалды. Облыс әкімдігімен 2016 жылға орман қорын қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге 33 млн. 300 мың теңге бөлінді, оның ішінде 7000 км. қашықтықтағы минералдандырылған жолақтарға күтім жасауға – 7 млн. теңге, сондай-ақ 38 тонна жанар жағар май қоры дайындалды, ал аудан әкімдіктерінде 70 тонна дайындалды.
Қазіргі кезде орман қоры аумағында, автокөлік және темір жол бойларында минералдандырылған жолақ жырту жұмысына дайындық жұмысы жүргізілуде. Қазіргі таңда облыс аумағында барлығы 1 гектар жерде 1 жану оқиғасы орын алды (2015 жылы 1 жану оқиғасы аумағы 1,5 га), шығын жоқ.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, фото: egemen.kz

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59