26 Қаңтар, 2011

Идея бастамашысы – халық

611 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін
Қазіргі таңда әртүрлі үнқатысу алаңдарында елді жаңғырту, оның даму үлгілері мен жүзеге асыру тетіктері жиі талқыға тү­се­тін тақырыптардың біріне айналды. Соған қарамастан, олар ұлт­тық көшбасшы тақырыбымен тікелей байланысты. Кеше Астанада «Нұр Отан» халықтық демо­кра­тиялық партиясының ұйым­дас­тыруымен өткен «Ұлттық лидер факторы және жаңғырту үрдісі» халықаралық конференциясында осы мәселе жан-жақты сөз болды. Конференция жұмысына Әзір­байжанның, Германияның, Ита­лия­ның, Қазақстанның, Поль­ша­ның, Ресейдің, АҚШ-тың, Түр­кияның, Францияның ғалымдары мен сарапшылары, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, Қазақстан Рес­публикасында тіркелген ха­лық­аралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар елді посткеңестік кеңістікте жаң­ғырту үрдістерін талдап, ұлттық ли­дер феномені мәселесін талқыға салды. Сонымен қатар, олар Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың мемлекет пен қоғам дамуындағы тұрақ­тылықты қамтамасыз етудегі, сондай-ақ  әлемдік қауымдастық­ты алаңдатып отырған өзекті мәселелерді шешудегі айрықша рөлін атап өтті. Сондықтан да қазақстандықтардың ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту бойынша референдум өткізу туралы бастамасы ешқандай күдік тудырмайды. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығма­ту­линнің айтуынша, халықаралық сарапшылар Елбасымыз Нұр­сұл­тан Назарбаевтың тұрақтылық пен өрлеуді қамтамасыз етудегі та­рихи рөліне назар аудара оты­рып, Қазақстан халқының бас­та­масы еліміздегі демократиялық ұстанымдардың көрсеткіші екеніне көз жеткізді. Конференция барысында ха­лық­аралық сарапшылар референ­дум­ның кең таралған демо­кра­тия­лық үрдіс екенін баса айтып өтті. Ең бастысы, референдум өткізу идеясының бастамашысы – халық. Бұл азаматтардың Елбасына деген сенімінің нақты дәлелі болып табылады. *** Сенімнің жоғары көрсеткіші «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына Білім және ғылым министрі Ба­қытжан Жұмағұлов, Парламент Мәжілісінің депутаты Р.Мәдинов қатысты. Жыл бойына атқарылған жұ­мыстар жөнінде баяндама жаса­ған «Нұр Отан» ХДП БҚО фи­лиалының төрағасы, облыс әкі­мі Бақтықожа Ізмұхамбетов рес­публикалық индустриялық-ин­но­вациялық даму рейтингісінде Батыс Қазақстан облысы көш­бас­шылардың бестігіне кіретінін алдымен атап өтті. Облыста бүгінгі таңда елді мекендердің 70%-дан астамы газдан­дырыл­ған. Сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы балалардың 84%-ы балабақшаға барады. Республикада тұңғыш рет осы облыста «Тұрғын үй –жас­тарға» бағдарламасы жүзеге асы­­ры­лып, 150-ден астам жас от­басылар жаңа пәтермен қам­тамасыз етілген болатын. Бұл жобаның бас­тамашылары – орал­­дық жастар. Жобаға рес­пуб­ликаның басқа облыстары да қызығушылық танытып жатқа­нын да облыс әкімі баса айтты. Өңірде соғысқа қатысушыларға, балалар үйлерінің тәрбиелену­шілері мен өзге де әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға ар­налған 240 пәтерлік баспана пай­далануға берілген. Азық-түлік қауіпсіздігін қам­­тамасыз ету мәселесін ауызға алғанда жылдық қуаты 7,5 мың тонна болатын өсімдік майы зауытының салынып, жұмыс жасай бастағаны алды­мен айтыла­ды. Үлкен заманауи мал борда­қылау кешені де жа­қында өз жұмысын бастады. Өңір­де ауыл шаруашылығы өнім­­дерін қайта өңдейтін, сақтайтын басқа да бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді. Үдемелі индустриялық-инно­вациялық мемлекеттік даму бағ­дарламасы аясында облысы­мызда жалпы құны 90 млрд. тең­гені құрайтын тоғыз ірі инвести­циялық жоба іске асырылған. «Нұр Отан» ХДП БҚО фи­лиалы қоғамдық қабылдауларды өте жоғары деңгейде жүргізетін­дігімен ерекшеленеді. Бақтықожа Салахатдинұлының айтуынша, өт­кен жылы қоғамдық қабыл­дауға 3253 өтініш келіп түскен. Жыл басынан бері азаматтардың 700-ден астам өтініші өкілетті органдарға қарауға жолданса, соның ішінде 610-ы оң шешімін тауыпты. Мұны қарапайым адам­дардың партияға деген сенімінің маңызды көрсеткіші деп есептеуге болады. Баяндамашы облыстық бөлім­шенің алда тұрған міндеттеріне тоқталғанда «Нұр Отан» пар­тиясының бастамасымен құрыл­ған «Қазақстан-2020» жалпыұлт­тық демократиялық күштері коа­лициясының Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту туралы ре­фе­рендумға қолдау көрсету жұмы­сына белсенді қатысу қажеттігін баса айтып өтті. Жиында сөз алған  Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұ­ма­ғұлов Елбасы өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі бас­таманы ел тарихындағы ма­ңызды оқиға деп атады. Министр сондай-ақ білім-ғылым саласын­дағы өзекті мәселелерге де кеңі­нен тоқталды. Жиын соңында партияның кезекті XIII съезіне ұсынылған делегаттардың кандидатуралары мақұлданды. Бүкіл аудан, ауыл, қаладағы партия өкілдері өткен жылғы жұмыс қорытындысын қанағаттанарлық деп бағалап, облыстық филиалдың төрағасы етіп облыс әкімі Бақтықожа Із­мұхамбетовті бірауыздан қайта сайлады. Темір ҚҰСАЙЫН, Орал. Экономика мен саясат: Таразы басы тең «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының IХ партиялық есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Оның жұ­мысына «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орын­басары Қ.Ақсақалов, конференция делегаттары, облыс басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Жиынға сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау орган­дары, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының бас­шылары, этномә­де­ни бірлестіктер мен  үкіметтік емес ұйым­дардың төрағалары, жас­тар қо­ғамдық бірлестіктері мен бұқара­лық ақпарат құралдарының өкілдері келді. Конференцияда об­лыс әкімі, филиал төрағасы Қанат Бозымбаев жергілікті партия ұйы­мының есепті ке­зең ішінде атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері жайлы баяндама жасады. Сондай-ақ, бақы­лау-тек­серу комиссиясының есеп­тері тыңдалып, «Нұр Отан» ХДП 2020 жылға дейінгі бағдарлама жо­басы талқыланды. Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаевтың «алдымен эко­но­ми­ка, содан кейін саясат» деген тағы­лым­ды сөзі бар. Облыс басшысы­ның баян­дауынша, Е­л­ба­сының Жол­­дауын­да айқындал­ған тапсыр­ма­лар­ға сәйкес өткен жылы өңірде өнер­кә­сіпті да­мыту, инвестиция­лық ахуал­ды жақ­сар­ту және бизнесті қол­дау бары­сын­да көптеген жұ­мыс­тар атқа­рыл­ған. Қолданыл­ған шара­лар­­дың арқа­сында өңір­дегі эко­номикалық-әлеу­мет­тік жағ­­­дай да­мып, өнеркәсіп өнім­дерін өнд­іру ұл­ғая түскен. Оның көлемі бұрнағы жылмен са­лыстырғанда 14, 0%-ға өсіп, 125,0 млрд. теңгені құра­ған. Еліміздің өнер­­кәсіп-сауда палата­сы­мен бірлесіп «Инвестиция. Инновация. Даму» деген та­қырыппен үл­кен халықара­лық бизнес-форум өткен. Бұл жиын­ға Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев қа­ты­сып, өңір эко­номика­сына байла­ныс­ты, оның ішін­­де «Еуро­хим­­ның» іске кірісуі­нің кешеуілдеп жат­қанына төзуге бомайты­нын ай­тып, тиісті министрліктер мен кейбір компания бас­шыларына нақ­ты тап­сырмалар берген. Бүгінде серпінді индустрия­лық-инновациялық даму бағ­дар­ламасы шеңберінде облыс бо­йын­ша 22 жоба жүзеге асы­рылуда. Оның жалпы сомасы 665,0 млрд. тең­гені құ­рай­ды.  Мұның ішінде өт­кен жылы 56 млрд. теңгенің 8 жобасы іске асы­рылды. Сөйтіп, бұл өндірістерде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жам­был облысының бренді – фосфор шикізатын өндіру – 162 %-ға  өскен. Ал құрамында алтыны бар кен шығару – 143%, барит кенін өндіру 129 %  құраса, әк, гипс, табиғи құм өндіру бұрын­ғыдан анағұрлым арта түскен. Саясатқа келсек, екі жылдық есепті мерзімде облыстық фи­лиал­дың саяси кеңесі мен оның бюросы партияның ХІІ съезі мен Саяси кеңес шешім­дерінің, Елба­сының Қазақстан халқына Жол­дауы­н­ан туындай­тын міндеттер­дің орындалуын қамтамасыз етуге ай­тарлықтай үлес қосқан. Об­лыс­тық, қала­лық және аудандық мәслихат­тар­дың 205 депутатының 202-сі немесе 99%-ы  «Нұр Отан» ХДП мү­шелері. Олар бюджет қаржы­сының ел мұқтажына орай тиімді бөлініп, мақсатты жұм­салуын қадағалап, түрлі бағдарла­малар бойынша ат­қарылып жат­қан жұмыстардың барысын басты назарда ұстаған. Жарыссөзге шыққан партия­ның Тараз қалалық  филиалы­ның төр­ағасы Қ.Бекболатов ішкі­партия­лық жұмысты жандандыру жайын тілге тиек етсе, облыстық мәсли­хат­тағы партия фракция­сы­ның жетекшісі Б.Егембердиева фракция атқарған жұ­мыс­тарға тоқ­талды. Ардагер Ә.Исақ партия делегат­тары­ның наза­рын Елбасы өкілетті­гін 2020 жылға дейін ұзарту бо­йынша референдум өт­кізу бастама­сына аударып, оны бірауыздан қол­дауға шақырды. Партияның облыстық филиа­лы­ның төрағасы болып облыс әкі­мі Қ. Бозымбаев бірауыздан  қайта сай­ланды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы. Белсенділік белесі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының VІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Оның жұмысына аудан, қалалардан сайланған депутаттар қатысып, есеп берілген кезеңдегі партия филиалының жұмысына қанағаттанарлық баға берді. Конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП хатшысы Қайрат Сатыбалдыұлы, Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов қатысты. Өткен есеп беру-сайлау нау­қанынан бергі нұротандық­тар­дың атқарған жұмысы жайлы «Нұр Отан» ХДП облыстық фи­лиалының төрағасы, облыс әкі­мі Серік Үмбетов баяндама жасап, «Қазақстанның өсіп-өр­кендеуі мен қазақстандық­тар­дың игілігі үшін» халықтық тұғырнаманы жүзеге асырудағы Жетісу жеріндегі тиянағы келтірілген іргелі істерді рет-ретімен ортаға салды. Онда ауыл шаруа­шылығын өркендету мен индус­трия­ландыру картасы, жұмыс­сыз­дықтың алдын алу мен эко­номикадағы табыстар көлденең тартылды. Қазіргі кезде облыстық партия ұйымына 16 аудандық және 3 қалалық партия филиалы 456 бас­тауыш партия ұйымына топ­та­сып, онда 81035 белсенді мү­шесін біріктіргенін айтып, сапа­лық құрамы жыл санап жақсара түскеніне екпін берді. Партия қатарында білім беру, медицина, мәдениет саласы қызметкер­лері­нің үлес салмағы 43,0 пайызды құрайтындықтан әлеуметтік сала­ға деген қамқорлық өсе түскенін аңғару қиын емес. Бастауыш ұйымдар жұмысы жанданып, Талдықорған, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Ескелді аудандық партия филиал­дарының талабымен үндес жүр­гізілген. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданындағы 55 бастауыш партия ұйымындағы партия кабинеттері халықпен шынайы байланыстың және саяси-көпшілік іс-қимыл­дың орталығына айналған. Нұр­отан­дықтар қай салада болса да белсенділігімен, елге, жерге деген жанашырлығымен ерекшеленуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылау пәрменділігі арта түскені де сөзге арқау болды. Конференцияда жарыссөзге қатысқан «Нұр Отан» ХДП Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Николай Логутов жыл сайын аймақта партия қатарын толықтырғандар қатары мыңдап саналатынын, бүгінгі тарихи кезең­де ілеліктер Мемлекет бас­шысының өкілеттігін 2020 жылға дейінгі мерзімге ұзарту туралы референдумды қызу қуаттай­ты­нына тоқталды. Ал, Талды­қорған қалалық партия филиалы төраға­сының орынбасары Әсия Ахметова өз сөзінде қай заманда да, қай қоғамда да бірлігі бекем елде ғана бақ-береке орныққанын айтты. Делегаттар онлайн жүйесі­мен тікелей эфир арқылы Қара­сай, Іле, Еңбекшіқазақ, тағы басқа аудандардағы партия фи­лиалдарымен хабарласып, кон­ференция жұмысының ауқы­мын кеңейтті. Конференцияда сөйлеген  Пар­ламент Сенатының депу­таты Қуаныш Сұлтанов жаңа дәуірдегі ел тарихының жаңа кезеңі бас­талғанын атап көрсетті. Елбасы­ның индустриялық-инновациялық бағдарламасы – ел өмірін өз­гертетін бағалы бастама. Ішкі және сыртқы саясаттағы барша ауқымды істерге «Нұр Отан» партиясы белсене атсалысып келеді, деді сенатор. Жарыссөзге шығып сөй­легендер партия филиалының есепті кезеңдегі жұмысына қанағаттанарлық баға берді. Конференцияда «Нұр Отан» ХДП хатшысы Қайрат Саты­балды сөйлеп, Елбасының келісімімен облыстық филиал төр­аға­лығына Серік Үмбетовті ұсын­ды. Депутаттар оны бір­ауыз­дан қолдады. Бірінші орын­басар­лы­ғына Айтбай Сейітов сайланды. Конференцияда қа­рал­ған мәсе­лелер бойынша қау­лы қабылда­нып, партияның ХІІІ съезіне делегаттар сайланды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. Шетелдік сарапшылар не дейді? Қазіргі және болашақ табыстар кепілі Мэри АСЕНОВА,  Жаңа демократиялар институтының директоры (АҚШ): – Көтерілген бастама Қазақстан халқының прогрессивті даму жолын жалғастыру ниетін және плебисцит  сияқты демократиялық тәсілдердің таңдалынуы қазақ­стандық азаматтық қоғамның кемеліне келгендігін айғақтайды.  Бұл – Қазақстанда өзінің  демократиялық дәстүрі қалыптасып жатқандығының нақты белгісі. Эрманно ВИЗИНТАЙНЕР,  «Vox Populi» орталығының директоры  (Италия): –Қазақстанның табыстары өте орасан және көрнекті.  Оған тек қазақстандықтардың өзі ғана емес, әлемдік қоғамдастық та куә болып отыр.  Және  елдің үдемелі даму болашағы тікелей Нұрсұлтан Назарбаев есімімен бай­ла­нысты екені де анық байқалады. Назарбаев – Қазақстанның жаңа тарихындағы заманауи кезеңнің тұлғасы. Оған референдум өткізу туралы халықтың бастамасы дәлел бола алады. Сондықтан саясаткерлер үшін халық дауысына сенуге тура келеді. Немесе, ежелгі латындық мақалға сүйенсек, «Халықтың үні – бұл құдайдың үні». Лотар ЛЕМПЕР, Отто-Бенеке атындағы Президент қоры (Германия): –Референдум – тікелей, тура  демократия. Сондықтан да рефрендумда қабылданған шешім жоғарғы заңдық күшке ие болады. Сол үшін көптеген елдердің конституциясында референдум өткізу, тіпті кейбір жағдайларда міндетті болатыны кездейсоқтық емес.  Еуропаның көптеген елдері референдум арқылы ЕО-ға қосылды. Ал Қазақстан жағдайына келетін болсақ, референдум жаңа Қазақстан тарихындағы Назарбаев факторының маңыздылығы сияқты өте өзекті мәселені анықтау үшін  қажет етіліп отыр. Ванда ДРЕСЛЕР, Париж университетінің профессоры (Франция): Мен Қазақстанның жетістігінің ең басты факторларының бірі – мемлекеттіліктің негізін қалаушы Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаев деп санаймын.  Сондықтан демо­кратия­лық қауымдастық тарапынан президенттік өкілеттікті 2020 жыл­ға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу бас­та­масы ұсы­нып отыр. Референдум өткізу идеясын азаматтардың өзі ұсын­ғаны, оның конституциялық нормалармен сәйкес келетіндігі өте құнды жәйт деп білемін. Бұл – халықтың Мемлекет басшысы саясатына деген нақты сені­мінің және қоғамның өзінің Президент айналасына топтасуы­ның көрсеткіші. Исмаил ТОГРУЛ, Ыстамбұл экономика университетінің профессоры (Түркия): –Референдум – кез келген ұлт  үшін өмірлік маңызды мәселелерді шешудің ең негізгі демократиялық тәсіл­дерінің бірі.  Түркияда да өте маңызды мәселелерді шешу референдумға шығарылған. Нұрсұлтан Назарбаев – қазіргі  Ататүрік, ол бүкіл түркі әлемі үшін үлгі бола алады. Сіз­дер­дің бірліктеріңіз бен Мемлекет басшысына деген сенімдеріңіз Қазақ­станның қазіргі және болашақ табыстарының кепілі екені сөзсіз. Владыслав СОКОЛОВСКИ, Шығыс Еуропа зерттеу қоры (Польша): –2020  жылға дейінгі  стратегияны жүзеге асыру үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту бастамасы түсінікті және заңды.  Әлемде кез келген саясаткер халқы­ның осындай биік сеніміне ие бола алмайды. Қазақстан­дықтар елде тұрақты даму, бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, ертеңгі күніне сенімді болғысы келеді. Және олар болашағы­ның кепілі тікелей Президент  Нұрсұлтан Назарбаев деп біледі.