26 Қаңтар, 2011

Көңіл айту жеделхатын жолдады

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федера­ция­сының Президенті Дмитрий Медве­девке адамдардың өмірін қи­ған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп ха­барлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. – Домодедово» әуежайында бейбіт азаматтардың қаза болуы мен жарақаттануына алып келген лаңкестік әрекет туралы хабарға қатты күйзелдім. Қазақстан халқы мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ қаза тап­қандардың туыстары мен жа­қын­дарына қайғырып көңіл айтамын, – делінген көңіл айту жеделхатында.