Экономика • Бүгін, 15:48
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Абай облысының орталығы Семей қаласында «Самұрық-Қазына» қорының бастамасымен және қолдауымен бірқатар ірі әлеуметтік, инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар өңірдегі энергетика тұрақтылығын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
Аймақтар • Бүгін, 09:03
Жетіқараны неге «Жітіқара» деп жүрміз?
Ертеден Жетіқара деген атпен белгілі, баспа бетінде осылай жазылып та келе жатқан жер атауының тәуелсіздік жылдары аяқ астынан «Жітіқара» болып өзгертіле салғаны жөн-жобасыз, тіпті ел, жер тарихына қиянат екенін баяндағалы отырмыз.
Мәселе • Бүгін, 08:58
Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру
Еліміздің солтүстік және батыс өңірінде қазақтың тарихи-мәдени мұра нысандары көп. Олардың бірнешеуі тізімге алынғаны болмаса, бұрын ғылыми тұрғыдан зерттелмеген. Қазір табиғи және антропогендік әсердің себебінен бұл ескерткіштер тозып, жойылып барады. Оларды шұғыл қорғауға алып, археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмысын жүргізбесек, кеш болады.
Зерде • Бүгін, 08:52
Жамаледдин Бейсенов – Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған қазақтың жаңа үлгідегі білім жүйесінің алғашқы легінде тұрған, ағартушылық мұратты өміріне серік еткен тұлға. Қостанайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде білім алып, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін тәмамдаған ол бар саналы ғұмырын ел баласын оқытуға, қазақ қоғамының көзін ашуға арнады. Ыбырай Алтынсариннің шәкірті әрі ізбасары Ж.Бейсенов педагог, жазушы Спандияр Көбеевті алғаш мектепке жетелеп, оқу үйретіп, білім берген. Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» мемуарлық романында: «Жамаледдин Бейсеннің баласы еді. Орынборда оқытушылар даярлайтын мектепті бітіріп шыққан жас оқытушы болатын. Бағымызға қарай, Жамаледдин де, Досмағұл да, тіпті Ыбырайдың өзі де келіпті.
Тұлға • Бүгін, 08:50
Елін, жерін, Отанын сүйген, әділ, өз сөзіне берік, ар-намысы биік, ауыртпашылық пен жауапкершілікті бірдей көтергендер ғана құрмет пен абыройға бөленеді. Ала-құла тіршілікте өмір сынынан адаспай өту, жүректе ұялаған арманға жету екінің бірінің қолынан келе бермейтіні хақ. Бүгін есімі елімізге әйгілі болған абзал азамат Қуат Есімханұлы жөнінде айтпақпыз.
Аңдатпа • Бүгін, 08:28
21 сәуір - «Бес бойдаққа бір той» М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы қойылады. Режиссері – Әубәкір Рахимов.
Медицина • Бүгін, 08:07
Көптің алғысына бөленген дәрігер
Қарбалас тіршілікте азаматтық ұстанымына, кәсіби міндетіне дақ түсірмей жүрген жақсы-жайсаңдармен жиі ұшырасамыз. Халықтың батасын алған осындай азаматтардың қатарына жоғары санаттағы хирург-уролог, медицина ғылымдарының докторы Сүният Құсымжановты қоссақ әбден болады. Ол – «Академик Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ бөлім меңгерушісі, профессор, «Алтын қандауыр» сыйлығының лауреаты.
Тағзым • Бүгін, 07:42
«Даламның иісі бұрқырап, Қарттарым, аман-сау жүрші». Бұл – ақиық ақын Сағи Жиенбаевтың өлеңі. Досхан Жолжақсынов осы өлеңге ән шығарғанда «Далада иіс бола ма?» деп ойлаушы ем. Сөйтсем, болады екен. Ол жусан иісі, ол апам жаққан ошақтың иісі, ол жалбыздың, қарағайдың, сағыздың иісі екен. Есағам... Есмұхан Обаев – Қазақстанның халық әртісі, профессор, осындай ошақ жаққан өңірде өмірге келген. Тәңіртаудың етегінде, Кегенде туған, ержеткен.
Тағзым • Бүгін, 07:40
Қазақ театры тағы бір асылынан айырылды. Асанәлі ағамыздың қазасына қабырғамыз қайысып, мұңнан арыла алмай жүргенде Есмұхан ағамыздың дүниеден өтуі – бізге орны толмас қайғы.
Аңдатпа • Кеше
17 сәуір - «Бейбарыс сұлтан» М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Рақымжан Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» драмасы қойылады. Режиссері – Юрий Ханинга-Бекназар.