Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3933 материал табылды

Өшпес даңқ • 05 Маусым, 2025

Батырлар есімі ескерткішке қашалды

Биыл адамзат баласының тарихындағы зардабы мен қасіреті өте ауыр, ең қанқұйлы Екін­ші дү­ние­жүзілік соғыс­та­ғы Жеңіске 80 жыл толды. Неміс басқыншы­лары­на қарсы күресте Қазақ­станның қосқан үлесі ұшан-теңіз. Соғыста атылған әрбір он оқтың тоғызы елімізде шығарылса, әрбір бесінші отандасымыз майданға аттанды. Сол майдангерлердің өзі бүгінде азайып барады. Алайда ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран болған асыл жандар санадан сызылып, ойдан өшпеуге тиіс.

Аңдатпа • 05 Маусым, 2025

Аңдатпа

6 маусым - «Жусан иісі» Ғ.Мүсірепов атын­дағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер ­театрында Сайын Мұ­ратбековтің «Жусан иісі» драмасы сахнала­нады. Режиссері – Жұлдызбек Жұманбай. 

Сатира • 05 Маусым, 2025

Сатира сардары

Қаламгер қауымның басқаларға қарағанда бір ерекшелігі – елге өзінен бұрын сөзі жетеді. Сол секілді, маған да ең бірінші сатира сардарының өзін емес, сөзін тану бұйырды. Оның сатиралық туындыларын сонау бала кезімізде тұщына оқып, суретін баспасөз беттері мен теледидардан көріп таныдық.

Көрме • 05 Маусым, 2025

«Qazaq content»: өнер уақыт таңдамайды

Ел астанасында «Forte kulanshi art space» галереясында «Qazaq content» атты заманауи өнер көрмесінің ашылуы өтті. Бұл – еліміздегі кәсіби суретшілердің екінші биенналесінің аясында ұйымдастырылған ерекше мәдени оқиға. Көрменің кураторы – өнертанушы, «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат.

Тұлға • 04 Маусым, 2025

Әдебиеттанудың хас таланты

«Қазақ даласын желмаядай кезген жанкешті халық мұрасын жинаушылар» (М.Әлімбай) сапында әйгілі ғалым Қажым Жұмалиев те бар. Келешегін ойлаған мемлекет таланттардан ештеңесін де аяп қалмайды, оның ­хиуазы он, жүз еселеп қайтады. Алайда құйқылжыған кеңестік зұлым саясат қатарынан озып туған Қажымды да айналып өтпеді.

Ғалам ғажаптары • 04 Маусым, 2025

Пруст феномені

Адам иіс арқылы балалық шақтағы немесе белгілі бір оқиғамен байланысты естеліктерді қайта еске түсіре алады. Бұл «Пруст феномені» деп аталады.

Ғалам ғажаптары • 04 Маусым, 2025

Ұйқыға қатысты үш миф

Ұйқы адам үшін маңызды қажет­тілік. Алайда санамызда оған қа­тысты қалыптасқан ақпарат­тардың кейбірі шындықтан гөрі мифке жақын.

Ғалам ғажаптары • 04 Маусым, 2025

Мидың ерекше қабілеті

Швециядағы Каролинска инсти­тутының зерттеушілері мидың ерекше қабілетін анықтады. Ми терең ұйқы кезінде арнайы лимфа жүйесі арқылы өзін «ақпараттық қалдықтардан» тазартады.

Аңдатпа • 04 Маусым, 2025

Аңдатпа

4 маусым - «Әпке» Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Дулат Исабековтің «Әпке» драмасы қойылады. Режиссері – Мейрам Хабибуллин.

Денсаулық • 03 Маусым, 2025

Аптап ыстықтан қалай сақтану керек

Жаһандық климаттың өзгеруі жер бетіндегі ауа температурасының күрт көтерілуіне әкеп соғады. Әсіресе жаз мезгіліндегі аптап ыстық адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметінше, соңғы онжылдық жер тарихындағы ең ыстық кезең болған. Қазақстан да бұл климаттық өзгерістен тыс қалмады — әсіресе оңтүстік, батыс және орталық аймақтарда ауа температурасы +40°C-тан асып, бұрын-соңды болмаған аптап күндер жиілеп барады.

Яндекс.Метрика