Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Қоғам • 10 Қараша, 2023

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар және Мәжіліс депутаттарымен кездесті. Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы талқыланды.

Қоғам • 10 Қараша, 2023

Ата-аналарды педагогикалық қолдау

Бүгінгі таңда балалардың қауіп­сіз­дігі, олардың денсаулығы мен қорғалуы, әл-ауқаты, білімі мен әлеуметтік жағдайы – басты назарда. Бұл туралы Президент: «Әлемде балалардың бақыты мен күлкісінен маңызды ештеңе жоқ. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау – әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі», деген еді.

Тұлға • 09 Қараша, 2023

Адам боп келдім өмірге!..

...Қазақстандағы екі қаланың бірінің орталығында қаққан қазықтай қадалып тұ­ра­­тын Ленин ескерткішінің түбінде – субұрқақ. Сол субұрқаққа бет түзеп қойып, екі-үш студент кезекті сабағына дайындалып отырған. Ойда дәнеңе де жоқ.

Денсаулық • 09 Қараша, 2023

Сақтық – саулық негізі

Күнделікті күйбең тірліктің қамымен жүргенде тосын жаңалық ести қалсақ, тосылып қалатынымыз рас. Кейбір хабар тіпті есеңгіретіп тастайды. АИТВ вирусы анықталған пациенттер де көп жағдайда күйзеледі. Бір мезетте сұхбаттасып отырған екінші адамның сөзін елеуден қалады. Өйткені бұл кезде пациент бірден төңіректегілердің көзқарасына, жұмысына, отбасына алаңдайды. Көз алдында алға қойған мақсаттары бұлыңғырлана бастап, бо­йын үрей, өкініш, ыза билеуі мүмкін. Осы кезде пациентке бойындағы үрейді жеңу үшін білікті маманның көмегі ауадай қажет болады.

Құқық • 09 Қараша, 2023

Қоғамға аса қажет заң

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуі керек болатын. Бұрын Парламент екі рет Үкіметке кері қайтарған заң БАҚ пен әлеуметтік желілерде, жалпы қоғамда қызу талқыланып, көп пікірталас тудырды.

Теңге • 09 Қараша, 2023

Теңге мен деньги төркіндес терминдер ме?

Біз басқа тілден біраз сөз алдық. Әрине, әлемдік деңгейдегі тауар немесе өнімді өзіміз көп шығармағаннан кейін амалсыз озық елдердің бізге берген терминін пайдаланамыз немесе көрші орыс тілі қабылдаған сөзді қолданысқа кіргіземіз. Ал бұдан бұрынырақ заманда көрші тілдерге көбірек сөз беретін едік, өйткені оларды көбіне өзіміз өндірген болатынбыз. Мәселен, деньги (теңге), товар (табар сөзі бұрын «ұсақ мал» мағ.), шатер (шатыр), утюк, кирпичь, стакан, сундук, булат, колпак, карандаш, штаны (іш тон), малахай, урюк (өрік), курага (құрғақ), изюм (жүзім), кумыс, курт, йогурт (ұйыт), серьги (сырға), жемчуг (інжу), башмак, шашлык, чебурек (ши бөрек), кабачок (асқабақ) т.б. Енді қазіргі кезде кейбір тағам атаулары мен ұлттық дүниетанымға байланысты сөздер ғана болмаса, көрші тілдерге лексикалық жағынан әсер етіп жатқанымыз шамалы.

Құқық • 08 Қараша, 2023

Биіктік пен біліктілік

Тәуелсіз еліміздің құқықтық тұғырнамасының қалыптасуына, дамуына үлес қосқан азаматтар аз емес. Олардың біразы ортамызда жүр. Олар елімізді құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыру мақсатында аянбай еңбек етті. Әсіресе сот, құқық қорғау және заң салаларында түпкілікті реформалардың қалыптасуына себепкер болды. Солардың бірі – Оңалсын Жұмабеков.

Таным • 08 Қараша, 2023

Скиф/сақтан қалған ұлы мұра

2023 жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында ЮНЕСКО-ның 45-отырысы өтті. Онда әлемнің біраз еліндегі мәдени-рухани мұраларды ЮНЕСКО-ның тізіміне алып, қор­ғау мәселесі қаралған. Алып Алтай, Оңтүстік Сібір, Солтүстік-батыс Моңғолия жерінде ежелгі скифтердің (скуз) мәдени мұрасы ғылыми әдебиеттерде «бұғытас» деп аталса, байырғы түркі жазба деректерде «сынтас» деп атал­ған. Осы мұралардың 80%-ы Моң­ғолия жерінде. Моңғол билігі атал­ған мұраларды ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізіп, қорғауына алу мәселесі осы жиында қарас­ты­рылды. Сынтастар (бұғытас) ЮНЕСКО-ның қорғауына алынып, Қытайдың ұлы қорғанымен, Үндістанның Тәж-Махалымен тең, әлемдік бірін­ші дәрежелі тарихи мұра деп бағаланды. Бұл мұраның сақ­таушысы Моңғол мемлекеті болға­нымен, мұраның түпкі иесі – оны жасап қалдырушылар түркілер. Белгілі түркітанушы ғалым ежелгі скифтерден қалған осы құндылық туралы сөз етеді.

Тұлға • 08 Қараша, 2023

Сыйластық

Алла тағала халқын жарылқайын десе, келешекте ұлт қамын жейтін екі ұлын бір-біріне тірек, сүйеу, жанашыр етіп жарататын болса керек. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларына айналған Кереку өңірінің тумалары, ақын Қалижан Бекқожин мен Қабдыкәрім Ыдырысов туралы осылай толғануға болады. Қалекең аға болып жыр айдынында күркіреп тұрған тұсында соңынан ерген балаң талапкер Қабдыкәрім інісін қолтықтан сүйегенін біреу білсе, біреу білмес. Тіпті ғұмыр бойы поэзиядағы аяқ алысына қолдау білдіріп, жанашырлық танытқанына тек сүйсінуге болады. Биыл Қалижан Бекқожиннің дүниеге келгеніне 110 жыл толса, Қ.Ыдырысовтың туғанына – 95 жыл. Сондықтан біраз уақыттан бері көкейде жүрген, адамгершілікті алтын арқау еткен осынау дүниені ақ қағазға төгілтіп ұсынар кез жеткендей.

Сараптама • 08 Қараша, 2023

Жаһанның «жасыл» қабілеті

Жер шарындағы өзгеріп жатқан климат, яғни жаһандық жылу, табиғи экожүйенің бұзылуы, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, қоқыстың көбеюі – қазір әлемдегі күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыптар. Бұл мәселелер бойынша түрлі зерттеу жүргізіліп, есептер жазылды. Солардың бірі – қолданушыларға кәсіби бағытта пайдалы бола алатын «LinkedIn» компаниясы жүргізген зерттеу.