Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22272 материал табылды

Экономика • 06 Маусым, 2024

ЭЫДҰ-ның жәрдемі жоғары

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жаһандық өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Рольф Шварцпен кездесті.

Бизнес • 06 Маусым, 2024

Кәсіптегі франшизаның рөлі

Франчайзинг – бизнеспен біте қайнасқан ұғым. Бұл – қандай да бір бизнес иесі (франчайзер) басқа кәсіпкерге (франчайзиге) өзінің бренді мен бизнес үлгісін ақылы түрде пайдалану құқығын беретін серіктестік. Әлемдегі алғашқы франшиза Иссак Зингердің тігін машиналар компаниясы саналады. Тұңғыш франчайзер 1851 жылы аңызға айналған тігін машиналарын өзгелерге сату мен жөндеу құқығын беруге заңды түрде қол қойған.

Тұлға • 06 Маусым, 2024

Қайраткердің әдебиеттану мұрасы

Мемлекет басшысы тарихымыздың күрделі кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру аса маңызды іс екенін атап көрсетті. Бүгінгі айтпағымыз да саяси­ қуғын-сүргін құрбаны болған тарихи тұлғалардың бірі, биыл туғанына 130 жыл толған Сұлтанбек Қожанов туралы. Әділетсіз қоғамның тақсіретін көп тартқан осы қайраткер кешегі 90-жылдарға дейін елеусіз, ескерусіз қалып келді. Қарт Қаратаудың теріскей бетіндегі шежірелі Созақ жерінде, дәлірек айтқанда, әулиелі Ақсүмбе, періштелі Ақбикеш баурайында дүниеге келген ол Түркістан, Ташкент, Орынбор, Қызылорда, Мәскеу, т.б. қалаларда оқып, еңбек етіп, саяси тұлға деңгейіне көтерілді. Тәрбие көзі ұстаздық еңбек пен хатшылық, комиссарлық қызметтің қай-қайсысын атқарса да елдік ұстанымнан айныған жоқ. Қожановты қайта тану сол тоқсаныншы жылдары жаңа бір күшпен белең алды. Профессор Темірбек Қожакеевтің, ҰҒА корреспондент-мүшесі Амантай Шәріптің, жазушы ғалымдар Бейбіт Қойшыбаев, Жолтай Әлмашұлы мен Дулат Тұрантегінің әр кезде жарық көрген еңбектері қайраткердің әр алуан қырын ашып, халыққа танытып жатыр.

Тарих • 05 Маусым, 2024

Мәстура Абылайқызы және басқалар

Бұл фотоны сақтап, ұрпағына аманаттаған жан – Гүлнар Хайретдинқызы Болғанбаева (1927-2008). Иә, әйгілі Алаш қайраткері Хай­ретдин Болғанбайдың перзенті. «Халық жауы­ның» қызы атанса да, кеңес заманында адал ең­бегімен «Ленин» орденін алған ардагер ұстаз. Ұзақ жыл Қорғалжынның Сабындысында мектеп директоры болды.

Оқиға • 05 Маусым, 2024

Қостанайлық ұландар бір түнде қос қайғыға тосқауыл болды

Қостанайлық офицерлер бір түнде екі оқыс оқиғаның алдын-алып, полиция қызметкерлеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саясат • 05 Маусым, 2024

2025 жылы аудан, облыс әкімдерін қайта сайлау өтеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» атты мақаласында елде жүргізіліп жатқан реформаларға түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Саясат • 05 Маусым, 2024

Қазақстан халықаралық дипломатияны қолдайды - СІМ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық күш-жігерді толық қолдайтынын білдіретін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 05 Маусым, 2024

Бүгін - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

1973 жылдан бері 5 маусымда қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтіледі.  Бұл атаулы датада Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы жетекшілікке алынады, деп жазады Egemen.kz.

Аңдатпа • 05 Маусым, 2024

Аңдатпа: Астана кешінде...

9 маусым - «Астана опера» сахнасында Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квар­тетінің «Ку­миры минувших веков» атты концерті ұсынылады.

Қоғам • 05 Маусым, 2024

Ұрпақтың амандығына алаңбыз

Балаларды қорғау күні жақындағанда бала мәселесіне үңілетін әдетіміз бар. Биыл балаларды қорғауға бағытталған арнайы заң қабылданып, тәртіп күшейе түсті. Сондай-ақ еліміз БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойғанына 30 жыл толып отыр. Көз қуанышымыз деп жүрген баланы қорғау үшін басқа қандай шаралар атқарылды?