Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Саясат • 19 Қыркүйек, 2023

Бейбітшілік аясындағы жаһандық қозғалыс

Өткен аптада Израильдің беделді басылымы – «The Jerusalem Post»-қа Пре­зидентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Religious leaders can help bring about world peace – opinion» атты мақа­ласы жа­рияланды. Мақалада ха­лық­­ара­лық қауіпсіздік жүйесі дағда­рыс пен бел­гісіздік кезеңін бастан өтке­ріп жа­т­қан бүгінгідей геосаяси жағдай­да бей­біт­ші­лік пен тұрақтылықты қамта­масыз етуге қатысты іргелі мәселелер көтерілген.

Пікір • 19 Қыркүйек, 2023

Түбегейлі өзгерістерге жол сілтейтін құжат

Әдетте халыққа Жолдау ұзақмерзімді тақырыпқа арналады да, онда қойылған мақсаттар абстракт терминдермен, әдемі сөздермен, асқақ мұраттармен көмкеріледі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Жолдауында мұндай болған жоқ. Меніңше, осы ел басшысының бұл жол­ғы үндеуінде прагматизм, шынайылық және өршіл мақсат айқын аңғарылады. Жетістіктер атап көрсетілді. Кемшіліктер де назардан тыс қалмады. Ұзақмерзімді мақсаттардың орнына қысқа және орта мерзімдегі өлшенетін міндеттерге басымдық берілді.

Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2023

Дәуіртекті тұлға

Уақыт дейтін қатал, қатыгез, қаһарлы сыншының тезінен сүрінбей өту – суреткер үшін үлкен сын, үлкен бақыт. Бұл – азабы мен мехнаты мол, қиындығы мен қиянаты жетіп артылатын ұйқысыз түндер мен күлкісіз күндердің жемісі. Ары мен бары, қуанышы мен зары, нұры мен сыры сынға түскен айлардың, жылдардың көрінісі.

Тәрбие • 17 Қыркүйек, 2023

Тәрбиеге бәріміз жауаптымыз

Қоғамда аста-төк ысы­рап­шылдық белең алып барады. Бұл бүгінгі жастардың не­месе көзқарасы бекімеген бала­лардың өмірлік ұста­нымына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Кез келген нәрсенің сұрауы бар. Сондықтан әр отбасында үнем­ділікке мән берілуі керек.

Пікір • 15 Қыркүйек, 2023

Сапалы маман даярлау жауапкершілігі

Жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау өте маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жаңа Жолдауында мұны ерекше айтты.

Пікір • 15 Қыркүйек, 2023

Әділетті Қазақстанға – құқықтық көзқарас

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында елді сая­си, экономикалық және әлеуметтік дамытудың кешенді «жол картасын» ұсынды. Құқықтық тұрғыдан алғанда, Президент Тоқаев ұсынған реформалар мен бастамалар оң өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар әділдік, заң үстемдігі және азаматтардың ел басқару ісіне белсене араласуын көрсетеді.

Сайлау • 15 Қыркүйек, 2023

Сайлауға халық сенуі керек

Елімізде өткен барша сайлаудың сабағы бар. Осыған дейін бұрмалау­шы­лық­қа жол бергені үшін қай сайлау комиссиясы мүшесі жазаға тартылды? Жоқ. Сонда халық сынынан қорытынды шығарылған жоқ па?

Құқық • 15 Қыркүйек, 2023

Мәдениет пен әділет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған күрделі мәселелердің бірі. Әлемнің көптеген елі секілді біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Экономика • 14 Қыркүйек, 2023

Жолдаудың өзегі – экономика

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мәселелердің дені әлемнің көптеген еліне тән. Құжатта еліміздің даму жағдайына баға беріліп, алдағы жылдарда кезек күттірмейтін іс-шараларды жүзеге асыру жолы ұсынылды. Елімізде мұндай үрдіс 1996 жылдан бастау алғанынан барша жұрт хабардар.

Денсаулық • 14 Қыркүйек, 2023

Аутрич неден сақтандырады?

Қазіргі кезде кез келген аурудан қорғанудың негізгі жолы алдын алу екені белгілі. АИТВ инфекциясына келетін болсақ, профи­­лак­тика­лық шаралар вирустан сақтанудың жалғыз мүмкіндігі бо­лып са­налады.