Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Руханият • 12 Қыркүйек, 2023

Марал ишан

Қасиетті Түркістанның төрінде өткен Ұлттық құрылтайда елді елең еткізген бір жаңалық жария етілді. Сүйінші хабарды жеткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды. Бұл – еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға. Марал ишан барша қазаққа танымал адам болған. Ол – төл тарихымызда ерекше орны бар Кенесары ханның үзеңгілес серігі. Бұл Құран екі ғасыр бойы қолдан-қолға өтіп, ақыры шетелге шығарылған екен. Оны жанашыр азаматтардың, меценаттардың көмегімен Қазақстанға қайтарып алдық. Құранда Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі бар. Жәдігерге жан-жақты сараптама жасалды. Отандық және шетелдік ғалымдар Құранды мұқият зерттеді. Құранның, расында, Марал ишанға тиесілі болғаны және Кенесары ханға берілгені анықталды», – деді.

Пікір • 12 Қыркүйек, 2023

Жастарға сенім артты

Жастарымыз білімді, білікті болса, еліміз дамиды, экономика­мыз көтеріледі. Сондықтан қазір жаңа өмірге қадам басқан сту­дент­тер мен жас ғалымдарға жағдай жасау, оларды мемлекет тара­пынан қолдап, әртүрлі бағдарламаны іске асырудың ма­ңызы зор.

Пікір • 12 Қыркүйек, 2023

Іскерлікті шыңдайтын кезең

Жаңару мен жаңғыру жолында еліміздің еңсесін тік ұстап, нақты іс-әрекет жасауға толық мүмкіндігі бар. Мемлекетімізде кенжелеп қалған саланың бірі – отандық туризм.

Ғылым • 12 Қыркүйек, 2023

Жаңашыл да жанашыр басшы

Атырау университеті – ұлт мақтанышына айналған қайраткер Халел Досмұхамедұлының атын иеленген іргелі оқу орны. Тарихы сонау 1940 жылдардан басталатын білім ордасының дамуына талай тұлғалар еңбек сіңірді. Университетіміздің ғасыр тоғысы тұсындағы жетістіктерінде сол кездегі ректоры, білікті басшы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтің еңбегі зор.

Экономика • 12 Қыркүйек, 2023

Қазақстанның прагматикалық көзқарасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы халықаралық аренада қызу талқыланып жатыр. Мәселен, осындай мақаланың бірі «The Geopolitics» сайтына шықты. Мақала авторы Қазақстанның жаңа бағдарына тоқталып, егер ол сәтті жүзеге асып жатса, үлгіге айналатынын жазады.

Пікір • 12 Қыркүйек, 2023

Нақты міндеттер айқындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауынан түйгеніміз көп. Ушығып тұрған әлемдегі геосая­си жағдай экономикамызға да салқынын тигізіп тұрғаны анық. Осы алмағайып кезеңде тұрақты дамудың жолын табу қиынның қиыны.

Пікір • 11 Қыркүйек, 2023

ІТ қызметі экспортына қадам

Мемлекет басшысы Жолдауда Үкіметке 2026 жылға қарай ІТ қызметінің экспортын бір миллиард долларға жеткізуді міндеттеді. Бұл – ел экономикасын көтеруге және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған өте маңызды тапсырма.

Ғылым • 11 Қыркүйек, 2023

Хирш индексінде кімдер бар?

Әлемдегі тың өзгерістердің артында ғалымдардың үлкен еңбегі жатыр. Әр жаңалық үшін жоба авторы белгілі бір дәрежеге қол жеткізеді. Осы орайда ғалымдардың деңгейін анықтайтын «Хирш индексі» туралы не білеміз?

Таным • 11 Қыркүйек, 2023

Кәдімгі Сәбең әлемі

Аса көрнекті жазушы, драматург, ақын, қоғам қайраткері, академик Сәбит Мұқанов – шын мәнінде халықтың өз ортасынан шығып, елдің ыстық ықыласы мен үлкен құрметіне бөленген алып тұлға.

Тарих • 10 Қыркүйек, 2023

Бұхарада ел басқарған қазақ

Ауылда өскен балалар секілді Балтабай Мейіров те төрт түлік малды қарауға, оны күтіп бағуға ерте жастан ынталы болды. Осы бір ынта оны Мәскеуге жетеледі. Сондағы білдей институттың мал шаруашылығы мамандарын даярлау бөліміне оқуға түсті. Кейін білікті маман ретінде қатарға қосылды.