Аңдатпа • 15 Мамыр, 2024
15 мамыр - «Астана Опера» сахнасында «Әйгілі опера ариялары» атты концерт өтеді.
Ғылым • 15 Мамыр, 2024
Құзыреті құлдыраған гидрология
Еліміздің 10 облысында су тасқыны жүріп, халық біраз әбігерге түсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас болып, орталық атқарушы билік және жергілікті әкімдер қолдан қелген барлық мүмкіндігін табиғаттың тосын мінезін ауыздықтауға жұмсады. Бастысы, барлық елді мекенде тұрғындар мен басқа облыстардан келген еріктілер ерен еңбек үлгісін көрсете білді. Апат еңсерілгеннен кейін бұған кім кінәлі деген сұрақ туып жатыр, оған сарапшылар әртүрлі уәж келтіреді. Өз тарапымнан тасқын су апатын дер кезінде болжай алмаған және жергілікті атқарушы органдарға жеткізе алмаған басты фактор гидрология саласының тоқырауы дер едім.
Сараптама • 15 Мамыр, 2024
Орнықты даму мәселесі – тауарды жеткізудің халықаралық тізбегі өзгеріп, аймақтық қақтығыстар мен санкция салдарының әлемдік экономикаға әсері адамзаттың күнделікті өмірінде сезіліп жатқан бүгінгідей уақытта өзекті тақырыптың бірі. Осыған орай оқырман назарына «Жаһандық орнықты бәсекеге қабілеттілік индексін» ұсынамыз.
Тұлға • 15 Мамыр, 2024
Елдегі машина жасау мектебі өткен ғасырдың 70-жылдары қалыптасып, ғылыми негізі нығая бастады. Қазақ инженер-механиктері ауыр өнеркәсіп пен тау-кен өндірісіндегі техникаларды жетілдіруге белсене араласты. Оның бастауында техника ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Жиенқұлов тұрды.
Ғылым • 15 Мамыр, 2024
Халқымыз «Білім – инемен құдық қазғандай» дейді. ХІ–ХІІ ғасырда өмір сүрген ғұламалар Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, т.б. еңбектерін сол кездегі туған жұртына жақын тілмен жазудағы мақсаты – өздері жақсы меңгерген араб тілін сыйлай отырып, түркі ғылыми тілінің мәртебесін көтеру еді. Бірде академик-математик Мұхтарбай Өтелбаев жиылған зиялы қауым алдында: «Менің ғалымдығым да, профессорлығым да қазақтығымнан садаға. Алдымен қазақпын, мұсылманмын, сонан кейін ғалыммын. Ата-бабамның аруағын сыйламасам, мыңдаған жыл өмір сүрген ана тілімде сөйлемесем, ата салтымды сақтамасам, мен ешкім емеспін», деп ой айтқаны жадымызда.
Басылым • 15 Мамыр, 2024
Қазақтың ата тегі туралы кітап қытай тілінде шықты
Еліміздің антрополог ғалымдары – ҰҒА академигі, Болония Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Оразақ Смағұлов және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті археология және антропологиялық зерттеулер ғылыми орталығы физикалық антропология зертханасының аға ғылыми қызметкері Айнагүл Смағұлова Алматының «Arna» баспасынан «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітап(2020) шығарған еді.
Саясат • 15 Мамыр, 2024
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Астанада Дүниежүзілік банктің (ДБ) және Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК) өкілдерімен кездесті.
Денсаулық • 14 Мамыр, 2024
Денсаулық сақтау министрлігінің Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталі 1943 жылы ұйымдастырылып, содан бері бірнеше рет құрылымдық жағынан өзгерген. Елімізде екі госпиталь бар, біреуі – Алматыда, екіншісі – Астанада.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2024
Өзбекстан мен Қазақстан арасында жаңа автобус бағыттары ашылады
Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі мәлім еткендей, 2024 жылы Өзбекстан мен Қазақстан қалалары арасында 10 жаңа халықаралық автобус бағытын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2024
Тыйым салынған жерде темекі шеккен шетелдікке айыппұл салынды
Тбилиси-Алматы бағытындағы рейс ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақтың жанынан темекі шегіп отырған шетелдік жолаушыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.