Тарих • 16 Мамыр, 2023
«Мәскеу. Кремль. Л.И.Брежневке». «Көшпенділер» трилогиясының тар жол, тайғақ кешуі
Тоталитарлық диктатура заманында өмір сүру кімге болса да оңайға тимеген. Жаны нәзік шығармашылық адамына екібастан. «Ақырып теңдік сұрар» замандар бастан бұл-бұл ұшып, дәуір ағымына сай барынша бипаздап, жоғарыға хат жазу үрдіске айналған, кейбіреулердің домалақ арыздарды қарша боратып, бюрократиялық аппараттың жұмысын қыздырған, тіпті соны жаңа саяси мәдениетке балаған тұста қағажу көріп, шетқақпайлыққа ұшыраған адамның қолына қалам алуы, оны сияға малуы – әдепкі құбылыс.
Пікір • 16 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстанның барлық азаматы мемлекетіміздің өткеніне, бүгініне және болашағына, ұлтымыздың рәміздеріне және оның мәдени өзегіне қатысы бар екенін сезінуі керек», деді.
Үкімет • 16 Мамыр, 2023
Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру үрдісі мемлекеттік міндеттерді қоғам күтетін талап-тілектерге сәйкес жүзеге асыруға қажет негізгі құндылықтар мен қағидаттарды қайта қарауды өзектендірді.
Әскер • 15 Мамыр, 2023
Қатардағы жауынгерден генералға дейін
1991 жылғы тамыз дағдарысы жетпіс жыл үстемдік құрған кеңес одағының құлауына алып келді. Осы тұста еліміз де егемендік алып, 1992 жылдың 7 мамырында Қарулы күштеріміз құрылды. Содан бері 31 жыл өтті. Осы уақыт ішінде елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін қаншама қыруар шаруа атқарылды. Ол кезең де бүгінде тарих қойнауына енді.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2023
17-19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары жоспарланып отыр. Бұл сапар «Орталық Азия – Қытай» форматында мемлекет басшылары деңгейіндегі Бірінші саммит аясында өтпек. Әдеттегідей, үлкен сапарлар аясында екі жаққа да маңызды келісімдерге қол қойылады. Соның ішінде негізгісі және біздің қоғамда ерекше назарға ілігіп отырғаны – Қытаймен екеуара визасыз кіріп-шығу туралы уағдаластық.
Спорт • 15 Мамыр, 2023
Техникалық спортқа баулу кенжелеп тұр
2022 жылы Астанада өткен отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қордаланған маңызды мәселелердің бірі ретінде еңбек нарығындағы техникалық мамандардың тапшылығын атаған еді.
Әдебиет • 14 Мамыр, 2023
Егемен Қазақстан • 14 Мамыр, 2023
Алматы • 11 Мамыр, 2023
Алматының жеті қабаты. Тарихи таным
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуінде: «Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала. Алматыда еліміз үшін ең маңызды шешімдер мен құжаттар қабылданды. Осы жерде Егемендік декларациясына қол қойылды, Тәуелсіздігіміз жарияланды. Еліміздің болашағын айқындаған басқа да көптеген тағдырлы оқиға өтті», деп атап көрсеткен еді. Біз осы «көптеген тағдырлы оқиға өткен» Қазақстанның ең алып шаһарының тарихын түгелдей танып болдық па? Автордың мақаласы осындай ой-толғамдарға жетелейді.