Саясат • 11 Мамыр, 2024
Айбек Дәдебай: Президенттің нақты жоспары – Қазақстанды озық елге айналдыру
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай «Jibek Joly» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол ел өңірлеріндегі су тасқынынан кейін тұрғындарға жан-жақты көмек, табиғи апаттарға тосқауыл қою, шетелден қайтарылған активтер, мемлекеттік тілдің дамуы, кадр мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға пікір білдірді. «Egemen Qazaqstan» газеті оқырман назарына осы сұхбаттың жазбаша нұсқасын ұсынады.
Тағзым • 10 Мамыр, 2024
Сұрапыл соғыс талай әулеттің тірегіне айналған азаматтардың өмірін қиды ғой. Майдан даласынан жеткен қара қағаздан жаны сыздаған отбасылардың саны қаншама... Аталарымыз бен әкелеріміз Отан үшін отқа түсіп, майдан шебінде жанкештілікке толы ерлік үлгісін көрсетті.
Егемен Қазақстан • 10 Мамыр, 2024
Пікір • 10 Мамыр, 2024
Қазақстан халқының бірлігі күні – елімізде ғана емес, сонымен қатар түрлі мәдениеттер мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен үйлесімді еске салатын күн. Бұл күн бізге алуантүрлілік күштің және шабыт көзі бола алатынын, бөлінудің емес, бірігудің үлгі-өнегесін көрсетеді. Мерекенің маңызы ұлттық шекаралардан асып, дүниежүзіндегі қазақтардың да жүрегіне жететіні сөзсіз.
Тұлға • 09 Мамыр, 2024
Адамның дидары – айна. Оған ойлы көзбен барлай қарасаң, көп жағдайда жарық жұлдыздай жан дүниесін, пейіл-ниетін білуге болады. Бірақ мұны сол адамға дос-жар көңілмен ақиқат осы деп, көбінде айта қоймаймыз, тіпті жақсылығын бүгіп қалып, қимайтынымыз да бар. Дидары мен жан дүниесі тең түскенге тәңірім қалауын беріп, пейілін кең етеді. Ондай адам арлы болып келеді. Керісінше, біреулердің мансабына бас ұрып, табаны тайған күні «қызмет қолдың кірі екен ғой» деп жалт береміз. Шындығына келгенде, ары бар, адамдық қасиетін берік ұстаған кісі қызмет қолдың кірі екенін, тізгін қолға тиген күннен сезеді, ертең жылы орнынан жылыстап кететінін біледі, жұрт ортасына қайтадан оралатынын аңғарады. Осыдан келіп, бәріне сын көзбен қарайды. Әрине, бұл көп адам түйсіне қоймайтын құпия, құпияны түсінбесең желік жел бергенде желпіндіріп жіберетін, артынан сан соқтыратын да жағдайы болмай қоймайды. Оны ұққан пенде ешқашан кенде болған емес. Оның сыннан сүрінбей өткен адамның қай кезде де жүзі жарық, үлгісін үкілеп ұстауға тұрады.
Таным • 09 Мамыр, 2024
Жапон құбылысының сегіз қағидасы
Ли Куан Ю сынды абыз тұлға жер көлемі жағынан әлемде 171-орында тұрған Сингапур сынды әрі қала, әрі арал мемлекетті небәрі 30 жылдың ішінде жер бетіндегі ең дамыған дара мемлекеттердің қатарына қосқан. Оның: «Мемлекеттің ұлылығын тек жер көлемі айқындамайды. Ұлылықты жұдырықтай жұмылған халықтың жігері мен бірлігі, табандылығы мен тәртібі және сол мемлекетті құтты мекенге айналдыруға ұмтылған ұлтжанды көшбасшылардың сапасы сомдайды» деген дана пікірі бар. Бұл пікірдің өміршеңдігін, әсіресе Жапония сынды арал-мемлекеттің болмыс-бітімі дәлелдей түседі.
Білім • 09 Мамыр, 2024
Білім айдынындағы «Jarqyn» желкені
Таяуда Астанадағы «Jarqyn» смарт мектебінің 3 жылдық белесі Отан қорғаушы күніне орайластырылып, «Ерлік – ерге мұра, ұрпаққа ұран» атты тақырыппен өтті. Іс-шара екі бөлімнен тұрды: біріншісі – оқушылардың инновациялық көрмесі, екіншісі – танымдық мәдени іс-шара.
Руханият • 09 Мамыр, 2024
Ұлы Жеңіс күні: Қазақтан қанша батыр шықты?
Бүкіл КСРО бойынша 12 мыңнан астам жауынгер, командирлер, қолбасшылар, партизандар мен қарапайым халық өкілдері осы елдегі 1934 жылы белгіленген ең жоғарғы құрмет – Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Солардың қатарында қазақтан шыққан азаматтар да бар.
Таным • 09 Мамыр, 2024
Мектеп жасында алғаш оқыған кітабымның бірі – батыр Бауыржан Момышұлы туралы жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі еді. Қазір Бәукең жөнінде қаншама зерттеу бар, ал біз өмір сүрген кеңес кезінде ол кісі хақында халық айтпаса, ресми орындар көп насихаттамайтын.
Тарих • 09 Мамыр, 2024
Талғат Бигелдинов – әскери барлаушы ұшқыш ретінде екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған Орталық Азиядағы жалғыз адам. Аты аңызға айналған қазақ халқының батыры, батыл да қыран қасиетімен танылған ұшқыш ұрыста мақсатқа жету үшін табандылық пен өжеттілігін көрсетті. Жоғары дәрежелі әскери ұшқыш қарапайымдылығымен, зор талапшылдығымен өзіне баурап алды. Жеңістің 79 жылдығына орай соғыс тарихында алтын әріптермен жазылған Корсунь-Шевченко түбіндегі операция туралы батыр естелігін беруді жөн санадық.