Абай • 30 Сәуір, 2024
Абай әндері – қазақ музыка тарихында ерекше орын алатын ақынның жаңа бағытта жазған туындылары, баға жетпес мирас. Қазақ әндері мен күйлерін жетік білген данышпан ешкімге ұқсамайтын әуен тудырып, музыка тарихында өз қолтаңбасымен биіктен көрінген композитор. Халық әндерін тыңдап өскен кемеңгер Абай өз айналасындағы халықтан шыққан өнерпаздарды, қазақтың атақты әншілерін, күйшілерін көрген, тыңдаған. Ана сүтімен дарыған халық әуендеріне терең бойлап, оның артықшылығын түсіне тұра, ешкімге ұқсамайтын өз әндерін жарыққа шығарған. Орыс романстарын естіп, оны Еуропа мәдениетімен үйлестіре отырып шығарған композитордың жаңа әуені халықтың құлағына өте жағымды болды. Ғұлама ақын дала халқына жаңа әуен, жаңа ырғақ, жаңа ән әкелді.
Аңдатпа • 30 Сәуір, 2024
1 мамырда «Астана опера» сахнасында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы қойылады. Дирижері – Алан Бөрібаев, режиссері – Джанкарло дель Монако.
Тұлға • 30 Сәуір, 2024
1916 жылдан 1956 жылға дейінгі 40 жыл! Қараңыз, осы жылдар ішінде не болып, не қоймаған? Қазақ үшін бұл аса ауыр кезең болыпты. Осы 40 жыл ішінде қазақ қазақ болғалы көрмегенді көріпті. Ұлт-азаттық көтерілісті де, ақсүйек ашаршылықты да, қарғыс атқыр репрессияны да, ұлы ойран соғысты да көріпті. Бұл қаралы 40 жыл, сөйтіп, сталинизмді әшкерелеген 1956 жылғы ХХ съезге дейін созылыпты. Осы бір тасбауыр кезеңге тап келген аға ұрпақ тағдыры аянышты.
Саясат • 30 Сәуір, 2024
Міндет – барлық келісімді жүзеге асыру
Астанаға Сингапур Республикасы Парламентінің спикері Сеа Киань Пэн ресми сапармен келді. Мәжілісте мейманды Палата төрағасы Ерлан Қошанов қабылдады.
Қоғам • 30 Сәуір, 2024
Ұлттық құрылтай – ел өміріндегі озық қоғамдық құндылықтарды дамытып, нығайтуға септігін тигізетін айтулы оқиға. Атырауда өткен жиынында да қоғам дертіне айналған маңызды мәселелер көтеріліп, олармен күресудің жолы нақты сөз болды. Мемлекет басшысы айтқандай, Ұлттық құрылтай ешқашан той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес, бұл жиын – маңызды бастамалар мен жобалар жүзеге асатын алаң.
Отбасы • 29 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ерекше тоқталған тақырыптың бірі – дәстүрлі отбасыдағы, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі толастамай тұрған зорлық-зомбылық мәселесі. «Біз дәстүрлі отбасы құндылықтарын табанды түрде орнықтыра беруіміз қажет», деген Президент Ислам қағидаларын өрескел бұрмалап, қатып қалған догма ретінде қабылдайтын отбасылардағы әйелдерді кемсіту, тіпті қорлау фактілеріне ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
Қоғам • 29 Сәуір, 2024
Абай бабам: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», деген еді. Жетпіске келген бізге де сол күн туды. «Қалалықтары шүлдірлейтін, дін «алғырлары» дәстүрді мойындамайтын жағдайдың соңы қалай болар екен?» деп, қам жеп, ұйқымыздан адасып, дөңбекшіп, мақта төсек тасқа айналып жайсыз жүргенде, Алла елдің бірлігін сынайын деді ме, әлде біз қарттарға сенімді халық күшін білдірейін деді ме, біраз өңірдегі су тасқыны еліміздің елдігін сынағандай.
Егемен Қазақстан • 29 Сәуір, 2024
Экология • 29 Сәуір, 2024
Аналар кеңесі экологиялық акцияға қолдау білдірді
Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі де өнегелі ұрпақ апталығына белсенді үлес қосып жатыр. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ауласында аналар кеңесінің мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері гүл екті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2024
«Адам мәйітін қорлаған»: Алматыда мәйітхана күзетшісі ұсталды
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.