Экономика • 01 Тамыз, 2019
Сенат депутаттары Ақмолада ауыл шаруашылығының дамуымен танысты
Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Дәурен Әділбеков Ақмола облысындағы жұмыс бабындағы сапары барысында Ерейментау ауданының Новомарковка ауылында болып, «Жаңа Береке» серіктестігінің мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық бірыңғай медиация күнін өткізеді
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2019 жылғы 5 тамызда елімізде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы күшіне енген күніне арналған «Республикалық бірыңғай медиация күнін» өткізеді. Бұл туралы Ассамблеяның баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
Қазақстандықтар тәулігіне 17 грамм тұз тұтынады
Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының міндетін атқарушы Руслан Сатывалдеев хабарлады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеуге сәйкес, Қазақстандағы тұзды тұтыну деңгейі әлем бойынша ең жоғары көрсеткішке жеткен.
• 01 Тамыз, 2019
Бүгінде жер-жаһан тербелісте. Ғаламдық дағдарыс үлкен сегіздік елдерін де алаңдата бастады. Дәл осындай кезеңде Қазақстан қандай бағытта дамиды, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар жүзеге асуы тиіс?
• 01 Тамыз, 2019
Акциялардың толық иесі атанады
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Интер РАО» ААҚ-нан «Екібастұз ЖЭС-2 стансасы» АҚ-ның 50% үлесін сатып алу туралы шешім қабылдады. Осылайша, қор Екібастұз ЖЭС стансасы акцияларының 100% иесі болады. Жол картасына сәйкес мәмілені 2019 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
«Отандастар Қоры» Түркиядағы қазақ отандастардың өндірістік кәсіпорындарымен танысты
Қордың бизнес және жобаларды акселерациялау бойынша атқарушы директоры Данияр Байғараев бастаған делегация Түркияда тұратын отандас бизнесмендермен кездесті.
Қоғам • 01 Тамыз, 2019
Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы іске қосылды
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының бірі студент жастардың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Осы міндеттерге қол жеткізу үшін Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп жеке сектордың кеңінен қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін әзірледі.
• 01 Тамыз, 2019
Ресейдің Сібір аймағындағы алапат өрттің тұтанғанына бір аптаға жуықтады. Алайда көршілес елдің төтенше жағдайлар қызметі тілсіз жауды ауыздықтауға мұрсаты жетпей жатыр. Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Александр Чуприянның хабарлауынша, қызыл жалын тайганың 3 млн-ға жуық гектар аумағын шарпыған екен.
Экономика • 01 Тамыз, 2019
Көппәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығын жою қарастырылады
Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасы шеңберінде көппәтерлі үйлердің меншік иелері үшін жер салығын жою және жеке тұлғалардан алынатын мүлік және жер салығын бір салыққа біріктіру ұсынылуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
• 01 Тамыз, 2019
Дарынды жастарға даңғыл жол ашқан
«Зерен-2019» республикалық жастар білім беру жазғы лагерінің үшінші ауысымы жабылды. Бірден айта кетелік, бағалы бастама баянды болды. Жылт еткен жаңалыққа жаны құмар талапты жастардың өрісіне кең жол ашты. Лагерьдің жабылу рәсіміне Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.