Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19516 материал табылды

Өнер • 11 Шілде, 2024

Көк бөрінің көз жасы

Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі желісімен сахнаға лайықталған «Ай мен Айша» драмасы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының сахнасында жүріп жатыр. Қоюшы режиссері – Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази, сахналық нұсқасын жасаған – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек, қоюшы суретшісі – Мұрат Сапаров.

Әдебиет • 11 Шілде, 2024

Лобстер эффектісі

Серотонин …Ғылымда «лобстер эффектісі» деген термин бар. Су астында шаян тектес бір мақұлқат өмір сүреді. Қазақша атауы жоқ. Ағылшын мен орыс тіліндегі нұсқасы – лобстер. Дүниедегі әр жәндік, әр мақұлқатты адамзатқа мысал етіп жаратыпты шебер Құдай. Лобстер де өзге жаратылыс секілді жар таңдау, жер таңдау, жем таңдау дейтін мәселеге бас қатырады. Сондай кезеңдерде қысқышын қайрап, қаруын сайлап алдынан тағы бір өзі тектес лобстер шығары анық. Сол шақта бұлардың көзінің алдынан бір химиялық сұйықтық бөлінеді. Ол сұйықтықта лобстердің салмағы, күш-қуаты, дене пішімі туралы бүкіл ақпарат бар. Егер екеуі «тепсініп келгенде тең атаның ұлы» екені анық болса, өліспей беріспейтін жекпе-жек басталады. Өмір болған соң бірі жеңіледі. Біздің айтпағымыз – сол жеңілген лобстердің қайғы баяны. Ол өте қатты күйзеліске түсетіні сондай, жеңілісті қабылдай алмаған миы еріп, жоқ болып кетеді де, орнына бәріне көндіккен, баспақшыл жаңа ми өсіп шығады. Ол осы миы­мен қалған өмірін бұқпантайлап, тас тасалап өткізбек. Дене тұрқы да кіші­рейіп, әруағы қашқан ердей болады. Тіпті өзінен әлжуаз лобстер келіп түртпектесе де, жорта қашып, мінез көрсетуге рухы жетпейді. Біздің бүгінгі болмысымыз осы «лобстер эффектісін» еске түсіреді. Иә, біз кеше жеңілген ұлтпыз. Жеңілген лобстерміз. Бүкіл ұлттық салт-санамызды сақтаған миы­мыз еріп, орнына бордай езілген, өзіндегін мансұқ қылатын, өзгенікін мақтан көретін мишық өсіп шыққан…

Мәдениет • 11 Шілде, 2024

Таңбалыдан басталған таңғажайып

Дүниежүзілік мұралар картасы деген бар. Жердің асты-үстіндегі асыл мұралар көрсетілген. 2004 жылы соның бетіне тұңғыш рет жартастар «жарылысы» түсті. ЮНЕСКО-ның тізіміне енген аймақтағы алғашқы жартас өнері ескерткіші – «Таңбалы археологиялық ландшафының петроглифтері» атты жаңа нысан пайда болды. Түсінгенге бұл – Қазақстан мен Орталық Азияның мәдени және ғылыми өміріндегі елеулі оқиға еді. Бұған дейін Қазақстан ЮНЕСКО-ға мүше ел ретінде бүкіләлемдік мұра нысанын басқару үшін «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығын құрып қойған.

Мирас • 11 Шілде, 2024

Бақыт Досымов мұрасы

Ол кезде бала біткен смартфонға емес, «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкен» басылымдарына қарайтын. Иә, «Балдырған» сол күйінде, «Ұлан» – «Қазақстан пионері» газеті, «Ақжелкен» – «Пионер» журналы кезі.

Қоғам • 10 Шілде, 2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Әлем бойынша әрбір мемлекет өзіндік экономикалық, территориалды, әлеуметтік ерекшелігіне байланысты сыбайлас жемқорлықпен күресіп әлек. Себебі жемқорлықтың зардабы мемлекеттің тұтастығына, бірлігіне үлкен зиянын келтіретіні анық.

Қоғам • 10 Шілде, 2024

«Қарызсыз қоғам»: Қай облыс тұрғындары алаяқтан жиі зардап шегеді

Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы жарты жылдағы аралық нәтижелерін жариялады. Бүгінге дейін 54 мыңнан астам адам білім алды. Сондай-ақ банкроттық рәсімдеу, алаяқтық фактілерін анықтау, бизнес-жоспар жазу, жұмысқа орналасу бойынша көш бастап тұрған облыстар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • 10 Шілде, 2024

«TURKTIME!»: Ықпалдастықты кеңейту жалғасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты. Сөзінің кіріспесінде Мемлекет басшысы саммиттің «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» атты тақырыбы барлық елдің мүддесіне сай келетінін атап өтті.

Қоғам • 10 Шілде, 2024

Жаңартылған сайлау жүйесі түсіндірілді

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына барып, Жарма, Бесқарағай және Ұлан ауданы аумақтық сайлау комиссияларының қызметімен танысты. Сондай-ақ аудандық, қалалық және облыстық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары және хатшыларымен семинар-кеңестер өткізіп, ауылдық жас сайлаушылармен кездесті.

Қоғам • 10 Шілде, 2024

Лудомания – әлеуметтік кеселдің бірі

Президент лудоманияға қарсы күреске қатысты заң актілеріне түзету енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған бесінші заң.

Білім • 10 Шілде, 2024

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң: жаңа белестер

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 1 шілдесінде қол қойған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңы отандық ғылымның соңғы онжылдықтағы ілгерілеуінің, оның өзгерген әлемдік тенденциялармен белгіленген мақсаттары мен міндеттерінің шынайы нәтижесі мен жалғасы болып отыр.