Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19484 материал табылды

Саясат • 22 Қазан, 2022

Басты мәселе – Арал тағдыры

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Ақмарал Әлназарова «Арал өңіріндегі қоршаған орта және халықтың денсаулығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Саясат • 22 Қазан, 2022

Мақсат-міндеттер белгіленді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабы жұмысын бастады.

Қоғам • 22 Қазан, 2022

Әуе көлігіндегі жолаушылар ағыны артты

2022 жылдың 8 айында отандық әуе компания­лары тасымалдаған жолаушылар саны 6,9 млн адамды құрады. Атап айтқанда, олар ішкі желілерде биылғы қаң­тар-тамыз айлары аралығында 4,9 млн адам (2021 жылғы сәйкес кезеңде – 4,9 млн адам), ал ха­лық­­аралық желілерде 2 млн жолаушыны (2021 жылғы сәйкес кезеңде – 1,2 млн адам) тасымалдады.

Білім • 21 Қазан, 2022

ҰБТ маңызын ұмытпасақ екен

Биылғы Балалар жылына орай еліміздің әр өңірінде «Дара бала» акциясы өткізіліп, бірінші кезекте қабілетті балаларға сапалы білім беру шаралары қолға алынып отыр.

Қоғам • 21 Қазан, 2022

Дала академигінің даңғайыр табысы

Шиелінің өткеніне көз жү­гіртсек, ауданның атын тек Сыр бойына ғана емес, рес­публикаға танымал етіп, елдің еңсесін көтеріп, жұрт­шы­лықтың мерейін та­сы­та­тын­дай жетістіктер аз бол­­­ған жоқ. Солардың бірі әрі біре­гейі 1947 жылғы «Қызыл­ту» кол­хозының Қойшыбай Оразым­бетов басқаратын бри­­­гадасында кү­рішші Ыбы­рай Жақаев бес гек­­тар кү­ріш­­тің әр гектарынан 171 цент­нер­ден өнім алып, дү­ние­жүзі­лік рекорд жасағаны еді.

Әдебиет • 21 Қазан, 2022

«Алыптар тобының» соңғы тұяғы

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ әдебиеті дамудың ренессанстық кезеңін басынан өткерді. Он тоғызыншы ғасыр қазақ әдебиетінде Абайдай поэзия алыбын туғызып, философиялық поэзияның асқар мұнарасын руханият әлемінде жарқыратса, өткен ғасыр діни ағартушылар, ағартушы демократтармен бірге ұлт-азатшыл, алашшыл бір топ қаламгер-қайраткерлерді өмірге әкелді. Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Мұхтар сынды қалам қайраткерлерінің ұлттық рухқа суарылған жалынды жырлары мен прозалық шығармалары бұйығы жатқан елді атой салып оятты; елін азаттық жолындағы күреске үндеп, жарқын болашақтың даңғыл жолы егемендікке бастады.

Саясат • 21 Қазан, 2022

Архив материалдары жүйеленеді

Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Саясат • 21 Қазан, 2022

Екіжақты байланыстар нығайған кезең

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Мажарстан Мемлекеттік Жиналысы төрағасының орынбасары Шандор Лежакпен кездесті. Палата Спикерінің айтуынша, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған 30 жыл ішінде көпжақты ынтымақтастық нығайып, стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті.

Саясат • 21 Қазан, 2022

Бабалар аманаты қатталған құжат

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұясы – Ұлытаудың төрінде өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында: «1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларациясы қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын», дей келіп, осы айтулы күнге ұлттық мереке мәртебесін беруді ұсынды.

Саясат • 20 Қазан, 2022

Бірлігі бекем ел озар

Бізге ең алдымен шынайылық пен ашықтық қажет. Қаралы қаңтардан кейін мемлекеттік саясатта үлкен бетбұрыс болды. Өткеннің қателігін қайталамауды мақсат тұтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұл нормалардың барлығы халық тұрмысын жақсарту мен мемлекеттің өркендеуіне бағытталды.