ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Президент Жолдауы – жылдың басты құжаты. Жолдаудан қоғамда қордаланып қалған сұрақтарға жауап күтетініміз де сондықтан. Биылғы Жолдаудың басты мұраты да осы еді.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Басымдық энергетикалық тепе-теңдікке бағытталады
Қазіргі кезеңде елімізге қажет болып тұрған шетелдік инвестиция көлемі бұған дейінгі екі он жылдықтың қажеттілігінен де асып түсейін деп тұр. Тек инвестициялық ағынды күшейту арқылы сапалы экономикалық өсімге қол жеткізе аламыз.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Қоғамда әрбір жұмысшының еңбегі лайықты бағалануға тиіс. Әсіресе адал еңбек ететін азаматтардың абырой-беделі биік болуы керек. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейінгі Жолдауларында айтты. Қазір жұмысшы мамандарға халықтың көзқарасы өзгеріп, құрметі артып келе жатқанын байқаймыз. Бұл, әрине, қуантарлық жайт. Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, еңбек адамының қоғамдағы орнын, беделін тағы бір айқындап бергендей болды.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Банк сегментінің елеулі белесі басталады
«Бізге банктер туралы жаңа заң қажеттігі тәуелсіз сарапшылар тарапынан айтылатын. Шыны керек, қолданыстағы заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды, экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер мүлдем ескерілмеген. Халықаралық тәжірибеде заң шеңберінде реттеліп келген кейбір мәселелердің біздің елде күрделеніп кетуі банктер туралы заңның қазіргі заман талабына сай болмауынан».
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салаларының инновациялық әлеуетін күшейту бойынша ауқымы зор және аса жауапты міндеттер қойды.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сессиясының ашылуында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Жұмысшы мамандықтарын қолдау артады
Биыл да әдеттегідей Президент Жолдауының басым бөлігі халықты әлеуметтік қолдау саласына арналды. Қасым-Жомарт Кемелұлы ел тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мәселесін үнемі жіті назарда ұстап келеді. Сонымен қатар келесі жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған игі қадам деп айтуға толық негіз бар.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, онда еліміздің қаржы-экономикалық, салық салаларында айтарлықтай оң өзгерістер болатынын айтты. Парламентке Салық кодексін келесі жылға пысықтауды, банк жүйесі туралы заңды реттеуді тапсырды. Жалпы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты біраз тапсырма жүктеді.
Саясат • 03 Қыркүйек, 2024
Германия компанияларының инвестициялық ұсыныстары
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік делегацияның сапары аясында Берлин қаласында (ГФР) бірқатар ірі неміс компаниялары басшыларымен кездесулер өтті.