Экономика • 16 Сәуір, 2026
Оңтүстік Корея Қазақстаннан 18 миллион баррель мұнай сатып алады
Оңтүстік Корея жыл соңына дейін Таяу Шығыс пен Қазақстан елдерінен 273 миллион баррель шикі мұнай жеткізуге келісім жасады. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сик мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Сәуір, 2026
Smart Grid мен ЖИ-инженерлері: Елімізде жаңа мамандықтар пайда болады
Елімізде энергетикалық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жаңа мамандықтар пайда болады. Бұл туралы жылу энергетикасы саласындағы Салалық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Биыл 650 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту және реновациялау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Биыл бұл бағытта 650 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Сәуір, 2026
Астанада заманауи зертханалық кешен құрылады
Астанада Ұлттық геологиялық қызмет базасында заманауи зертханалық кешен құру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы MINEX Kazakhstan 2026 форумында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтер • 15 Сәуір, 2026
Ирландияда Халықаралық волонтерлер жылы аясында «26 for 26» акциясы басталды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды тұрақты даму мақсатында Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) деп жариялады. Осыған орай әлемнің әр түкпірінде игі бастамалар жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 15 Сәуір, 2026
Атыруда ЖИ арқылы 4500-ден аса құқықбұзушылық анықталған
Атырау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика жүйесі енгізіліп, 400 камера ЖИ арқылы жұмыс істеп тұр. Бүгінде аталған қызмет арқылы 4500-ден астам құқықбұзушылық анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Олжас Құспеков: Шлагбаумдар мен ретсіз автотұрақ адам өліміне себеп болып жатыр
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Олжас Құспеков депутаттық сауал жолдап, төтенше қызметтердің оқиға орындарына дер кезінде жетуін қамтамасыз етудегі жүйелі олқылықтар мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 15 Сәуір, 2026
Таяу Шығыстағы дағдарыстың Қазақстан экспортына әсері қандай?
Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал жаһандық экономикаға айтарлықтай қысым көрсетіп отыр. Алайда бұл жағдай ел экспортының негізгі көлеміне тікелей жүйелі әсер етіп отырған жоқ. Негізгі себеп – экспорт құрылымының географиясында. Экспорттың шамамен 60%-ын құрайтын мұнай Каспий құбыр консорциумы арқылы Еуропаға бағытталады, ал металдар, уран және газ өнімдері шамамен 20-25% көлемінде Ресей мен Қытай нарықтарына шығарылады. Осылайша, Қазақстанның негізгі экспорт арналары Таяу Шығысқа тәуелді емес. Бұл олардың сыртқы күйзелістерге салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етіп, геосаяси тәуекелдердің тікелей әсерін шектейді.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2026
Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
Мәжілістің жалпы отырысында «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда қаралды. Аталған заң жобасы бойынша елімізде тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігі құрылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 15 Сәуір, 2026
DeepBas: Құрғақшылыққа қарсы жаңа технология енгізіледі
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевпен кездесті. Кездесуде тараптар су ресурстарын басқарудың интеграцияланған DeepBas жүйесін енгізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.