Технология • 24 Сәуір, 2024
Бүгінде адамзат жасанды интеллект атты жаңа технологияның өмірімізге еніп жатқанының куәсі болып отыр. Медицина, білім, музыка, өнер, қауіпсіздік, қорғаныс салаларынан бастап аудио, мәтін аудармасы арқылы тілдік кедергілерді жоюға дейінгі жан-жақты бағыттарды қамтыған жасанды интеллектінің мүмкіндіктері әлемде ғалымдар мен өнертапқыштардың қызу талқысына түсті. Стэнфорд университетінің Адамға бағытталған жасанды интеллект институты 2024 жылдың сәуір айында жасанды интеллект индексінің есебін (Artificial Intelligence Index Report 2024) жариялады.
Су тасқыны • 24 Сәуір, 2024
Көктемгі су тасқынының салдары ауыр. Жер-жерді су басып, үйлер мен көшелерді шайып, төрт түлік мал қырылды. Елді әбігерге салып, қаншама шығын келтірген табиғи апат халқымыздың ауызбірлігін, ынтымағын тағы бір сынады.
Тұлға • 23 Сәуір, 2024
2022 жылдың 3 желтоқсаны. Түн құшағындағы елордада қыс қаһарына мініп, аяз ақырып тұрған. Жұртты әбігерге салған осындай ызғарлы, суық ауа райымен бірге бізге бірер жылдан бері денсаулығы сыр беріп жүрген аяулы досымыз Қонысбай Әбілдің дүниеден озғаны туралы суық хабар жетті. Қайғылы қазаны сол тұстағы Жазушылар одағының басқарма төрағасы, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет Фейсбук парақшасында жеткізген еді...
Тұлға • 23 Сәуір, 2024
Өмір бізді қай қиырға, қай қиынға салса да, адамгершілік жолынан аттамай, Құдай берген қабілет-қарымымен ортасына, ел-жұртына, ең бастысы, кәсібіне адал да абыройлы жандар арамызда аз емес. Көзге көрінуді емес, көңілден шығуды ойлайтын, еңбегімен елге сыйлы сондай азаматтың бірі – сот жүйесінің білгірі, заң саласының кәсіби маманы Сәкен Абдолла. Бүгінде әділеттік пен әділет жолындағы азамат туралы айту мен жазу көкейкесті болса, аталған ұғымға сыятын тұлға ретінде де осы кісіні таңдар едік.
Мәселе • 23 Сәуір, 2024
Шекаралық аудандар қамқорлыққа зәру
Әр елдің шекарасының беріктігі мен тұтастығы ұлттық стратегиясының басым бағытына жатады. Еліміздің 14 өңірінде 65 аудан 5 мемлекетпен шектескен. Шекара маңындағы елді мекендердегі әлеуметтік нысандар, шағын және орта бизнес, туризм, сауда, жұмыс орындарын құру, халықты тұрақтандыру тетіктерін әрдайым назарда ұстап, ұдайы жетілдіріп отыру – уақыт пен қоғам талабы.
Зерде • 20 Сәуір, 2024
Қасіретті күндердің дерек-дәлелі
Өткен жылдың күзінде Қырғызстан ғалымдары – Д.Ш. Қызаева, З.К.Құрманов, А.Ж.Абдрахманов «Қазақстандағы ашаршылық: Қырғызстандағы қазақ босқындары. 1932-1933 жж. (Ашаршылық в Казахстане: казахские беженцы в Кыргызстане. 1932-1933 гг.)» Қазақстандағы қайғылы аштықтың 90 жылдығына арналған құжаттар мен материалдар жинағын жариялады. Жинақта нақты құжаттар негізінде 1932-1933 жылдардағы аштық салдарынан туған жерлерінен босқан қазақтардың ауыр тағдыры, оларға Жүсіп Абдрахманов басшылық еткен көрші Қырғызстан тарапынан қандай көмек көрсетілгендігі баяндалады.
Пікір • 20 Сәуір, 2024
Президент қол қойған жаңа заң арқылы 15 заңнамаға, оның ішінде 7 кодекс пен 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Ілеспе заң Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді қарастырады.
Оқиға • 19 Сәуір, 2024
Өлең-жырларында, зерттеулерінде өлке тарихын да қоса өріп, өндірте еңбек етіп келе жатқан қаламгер Тортай Сәдуақаспен таныс болуым, ол 1979–1995 жылдары Алматыда «Жазушы» баспасында редактор кезінен басталды. Ол кезде «Жазушы» баспасы республикадағы ең іргелі баспа болатын. Әдебиетіміздің ең құнды дүниелері осы мәдениет ошағынан көп тиражбен халыққа кең тарап жататын.
Пікір • 19 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысының әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойғаны жөніндегі хабарды қуанышпен қарсы алдым. Заңдарға әйел мен балаға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілген.
Құқық • 19 Сәуір, 2024
Әйел құқы басты назарда тұрады
Әйел құқығын қорғау және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету қоғамның дамуы үшін өте маңызды. 2017 жылы елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік әлсіз болды. Ал 2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу, оған қарсы тұру турасында қызу пікірталастар жүрді.