Экономика • 17 Шілде, 2024
Жаңаөзенде гибридті электр стансасының құрылысы басталды
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және италиялық «Eni S.p.A» энергетикалық компаниясы Жаңаөзен қаласында күн, жел және газбен жұмыс істейтін қуаты 247 МВт гибридті электр стансасының құрылысын бастады. Жобаның басталу рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Eni» компаниясының Қазақстандағы басшысы Сегер Хойтинк, Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.
Әдебиет • 17 Шілде, 2024
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып отырған Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» атты трилогиясын алғашқылардың бірі болып оқыдым. Одан жақсы қаламгер шығатынына шүбәм жоқ еді, кең тынысты романист болғанына қуандым. Әділбек інімізді өткен ғасырдың 90-жылы «Лениншіл жас» газетіне қызметке алған едім. Жүрген жүрісі, жігіттік кейпі, азаматтық мінезі, қызметке жауапкершілігі беделін өсірді.
Әдебиет • 17 Шілде, 2024
Боламыз ба, әлде бордай тозамыз ба?
Шын жазушы қиынға ұмтылады. Қиын түйіндерді шешеді. Белгілі жазушымыз Асқар Алтай да «Былғары табыт» романында қиынға ұмтылыпты, қиын түйіндерді шешуге тырысыпты.
Қоғам • 16 Шілде, 2024
Оқушылар мен студенттер қаржылық сауаттылық бойынша білім алады
Бүгін Астанада мектеп мұғалімдері және колледждер мен университеттердің оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін жиналды. Олардың барлығы – «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылығын арттыру жобасының болашақ тренерлері, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 16 Шілде, 2024
Заман біздің жағдайымызға қарай икемделмейді, біз оған қарай икемделуге мәжбүрміз. Ал оған қай кезеңде де барынша ықпал ете алатын сала – журналистика. Бұл саланың да өз қолбасшылары мен өз жауынгерлері бар. Өтпелі өмірде олар да артына із қалдыра көшеді. Уақыт өте келе, ол ізді жалғастырушылардың ішінде де қарымдысы мен дарындысы дараланып көріне бастайды.
Әдебиет • 16 Шілде, 2024
Кітап сөреден – театр сахнасына
Серік Асылбекұлының прозасын оқып болып, көзіңді жұмсаң, ондағы әрекет-көріністер алдыңа бейне болып келеді. Өзі де сергек жазушы Жүсіпбек (Қорғасбек) осы ерекшелікті жіті байқап, «Қоңыртаудың басында бір түп жусан» әңгімесіндегі «зіңкиген бөлме тікұшақ ұшқандай гуілдеп ала жөнелді» деген теңеудің тосындығына қайран қалыпты. Кейінірек шыққан «тікұшақты» мәтінге құлағынан сүйреп кіргізген автоцензура ма, әлде беріде қолы тиген редактор ма, ол жағы беймәлім, бізге белгілісі – әлгі сөйлем Хемингуэйдің көл бетінен дүрк етіп көтерілген үйректерді суреттеуіндегі «…свист быстро машущих крыльев, словно звук разрываемого шелка» («жібек матаның дар-дар айырылғандағы дыбысындай лап-лап қағылған қанаттардың ыс-ыс кеткені») деген сөйлемге ұқсас («дыбысжазу – звукозапись» дейміз).
Өнер • 16 Шілде, 2024
Балалықтан даналыққа жол ашқан
Суретші-кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі, Еуразия көркем-сурет одағының мүшесі, Халықаралық ЮНЕСКО өнер ассоциациясы мүшесі, «Тұран-Астана» университетінің туризм және дизайн факультетінің доценті, Қазақстан Республикасы Көркем академиясының вице-президенті Жанұзақ Мүсәпірдің туындысы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанын естігенде қатты қуандым. Өнер иесі ғана емес, қоғам қайраткері. Ол ғұмыр бойы ұлтымыздың мәртебесін арттыру үшін қолынан келгенін жасап келеді.
Саясат • 16 Шілде, 2024
Шанхай ынтымақтастық ұйымы – беделді халықаралық құрылым. Жыл сайын ұйымға қатысуға ниет білдірушілердің саны артып келеді. Егер ұйым құрылған 2001 жылы 6 мемлекет болса, қазір мүше мемлекеттер саны 10-ға жетті, ал жалпы қатысушылар саны 26-ға дейін өсті.
Қазақстан • 16 Шілде, 2024
Маңызды уағдаластыққа қол жеткізді
Қазақстан былтыр 5 шілдеден бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағалық міндетін қолына алған. Жалпы, 2001 жылдан бері қарайтын болсақ, біздің ел ұйымға бесінші рет төрағалық етіп отыр екен. Қазақстан осы жолғы төрағалығының бір жылы ішінде ұйым жұмысына жаңа көзқарас әкелді деуге болады.
Ең қысқа әңгіме • 16 Шілде, 2024
Бір үйір жылқы. Қоладан құйылған тоғыз қылқұйрық. Мустанг. Не суатқа құлаған, не өзенді жалдап кешкен бейне. Көресіз де, таңғаласыз. Үйірді бастаған – не құр айғыр, не құтпан айғыр. Қаба жал, шоқпар кекіл, күлте құйрық. Құлынды биеден бастап, тай, құнан, дөнен – бәрінен еркіндік лебі еседі. Қалай керемет сомдаған? Мүсінші атсейістің баласы ма? Ұлы дала перзенті ме? Сірә, шеберлікте шек жоқ.