Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Пікір • 01 Сәуір, 2024

Рухани дербестіктің мәні

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жат діни ағымдардың дәстүрлі ұғымдарымыз бен құндылықтарымызға жасап жатқан шабуылына төтеп беру үшін: «Біз бабаларымыздың сан мыңжылдық діни ілімі мен рухани бағдарына арқа сүйеуіміз керек», деп рухани дербестігімізді сақтаудың мәнін түсіндірді.

Тарих • 01 Сәуір, 2024

Бірегей тұлғаның айтылмай жүрген бір ісі

«Өзбекәлі және мәдени майдан» деген кітап туралы әр жерде естіп қалып жүр едім. Таяуда қолыма тиіп, оқып шықтым. Авторлардың (С.Керімбай, Ә.Нәби) кітапты жазу үшін әжептәуір дайындалғаны байқалады. Айтарлықтай еңбектеніп, деректер іздеп, кейіпкердің көзін көрген адамдармен жүздесіп, біраз ақпарат жинаған.

Таным • 01 Сәуір, 2024

Жақсы қасиет қайта жанданса игі

Кітап – баға жетпес байлық, асыл қазына. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады, сонымен қатар ол – парасат сарайы да. Жансарайыңды ашып, көңіл көкжиегіңді кеңейтетін нұрлы әлем.

Пікір • 01 Сәуір, 2024

Берекенің бастауы

Биыл 14-15 нау­рызда өткен Ұлттық құрылтайда маңызды іс-шаралар айқындалып, бүгінгі қоғамның саяси әлеуметтік түрлі мәселелері көтерілді.

Таным • 01 Сәуір, 2024

М.Әуезовтің «Көк қасқыр» аудармасы табылды

2023 жылдың күз айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­те­тінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Еркінгүл Солта­наева екеуміз ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын АР19679312 ­«Алаш қайраткерлерінің аударма еңбектеріндегі адамзатқа ортақ құнды­лық­тар» ғылыми жобасы аясында іссапармен Қырғызстан Республикасы­ның Мемлекеттік Орталық архивіне барып, аталған архивтен М.Әуезов­тің қырғыз тіліндегі латын әрпімен жазылған «Көк қасқыр» шығарма­сын кездестірген едік.

Қоғам • 01 Сәуір, 2024

«Экрандық диктор» – қазақ тілінде

Елордада көзі нашар көретін азаматтарға ар­­­­­налған қосымшаның таныстырылы­мы­ өт­­­ті. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қа­зына» ұлттық ғылы­ми­-прак­ти­­­­калық орта­лы­ғы­ның ұйым­дас­ты­руы­мен әзір­­лен­ген жоба «Экран­дық диктор» деп ата­­лады.

Пікір • 01 Сәуір, 2024

Digital nomad: жасампаздық һәм жасанды интеллект

Мемлекет басшысы Атырауда өткен ІІІ Ұлттық құрылтайда белгілеген құндылықтар қатарында жасампаздық пен жаңашылдыққа арнайы тоқталды. Бұл бағыттардың өте жылдам өзгеріп жатқан қазіргі әлемде ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты шарты екеніне, озық дамыған мемлекет құру үшін азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы керектігіне екпін салды.

Пікір • 31 Наурыз, 2024

Игі бастамалар жаршысы

Ұлы дала төрінде қилы тартысқа толы, кері кеткен қиын кезеңдердің өткені тарихтан белгілі. Сол алмағайып заманда тау тұлғаларымыз Күлтөбенің басында күнде кеңес құрып, бұқара халықтың күнкөрісі мен жан амандығы жолында басын қатерге тіккен. Жаңару мен жаңғыру жолындағы бүгінгі билігі ата-баба дәстүрін алға тартып, бесігімізді түзеуге бағыт-бағдар беріп келеді.

Пікір • 31 Наурыз, 2024

Ұрпақ саламаттылығына жауаптымыз

Жайық жағасында өткен жиында Ұлттық құрылтай мүшелері күн тәртібінде қаралған мәселелер мен бүгінгі күнгі ең басты тақырыптарды талқыға салып қана қоймай, өздерінің нақты ұсыныстары мен бағыт-бағдарын да білдірді.

Пікір • 29 Наурыз, 2024

Ғылым мамандарын даярлаудың өзекті мәселесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда озық дамыған мемлекет құру үшін азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы керек екенін айтты. «Сол себепті біз қоғамда білімпаздықты дәріптеуге, білім және ғылым саласын дамытуға баса мән беріп келеміз», деп атап өтті Президент.