Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Пікір • 20 Наурыз, 2024

Іргелі бастамадан күтеріміз көп

Ұлы дала төрінде қилы тартысқа толы, кері кеткен қиын кезеңдердің өткені тарихымыздан белгілі. Сол алмағайып заманда бұқара халықтың күнкөрісі мен жан амандығы жолында басын қауіп пен қатерге тіккен тау тұлғаларымыз Күлтөбенің басында кеңес құрған. Мемлекет басшысы ата-баба дәстүрін алға тартып, елімізді жаңару мен жаңғыру жолына бас­тап келеді.

Пікір • 20 Наурыз, 2024

Бізге бірлік керек!

«Ашығын айтуымыз керек, біз тарихқа келгенде көбінесе эмоцияға беріліп кетеміз. Өткен заманды орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейді, оның пайдасынан гөрі, зияны көп». Шыны керек, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан осы сөз үлкен ой салды.

Үкімет • 20 Наурыз, 2024

Берілген тапсырмаларға заңнамалық қолдау қажет

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді.

Үкімет • 20 Наурыз, 2024

Өзекті мәселелерге мән берілді

Елімізде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткеніне кеше бір жыл болды. Төменгі палата еліміздегі іргелі реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөнінде Мемлекет басшысы жүктеген міндеті Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың басшылығымен белсене атқарып келеді. Ел басшысы бұл жұмысқа оң баға беріп, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал ететінін атап айтқаны белгілі.

Пікір • 20 Наурыз, 2024

Әйел мен бала құқығы институты қажет

Ұлттық құрылтайда көтерілген өзекті мәселенің бірі – әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылық. Бұл мәселе адам құқықтары мен бостан­дық­тарын өрескел бұзу ретінде ішкі саяси және ха­лық­аралық пікірталастардың басты тақырыбына айналды.

Пікір • 20 Наурыз, 2024

Сарайшықты зерттеудің маңызы

Президент Ұлттық құрылтайда қадау-қадау мәселелерді көтерді. Оның ішінде Жайық өзенінің жағалауындағы көненің көзі – Сарайшық қалашығына баса маңыз беріп отыр. Бірақ Сарайшықтың зерттелу жағы, құндылықтарын дәріптеу жағы әлі жетіспейді. Оның себептерін анықтаған жөн.

Пікір • 20 Наурыз, 2024

Жаман әдеттен тыйылған жөн

Мұнайшылар өлкесі Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтқа қауіп төндіретін бес кеселмен күресудің мән-маңыздылығына ерекше тоқталды. Рас, дәстүрге айналған алқалы жиында біраз пайымды ой айтылып, келелі бастамалар көтерілді. Әсіресе Мемлекет басшысы тізбектеген осы кеселдерге ерекше тоқтауды жөн санадық. Өйткені жақсылыққа жетеміз десек, жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек.

Пікір • 20 Наурыз, 2024

Талай іске ұйытқы

Қазақ құрылтайларының бәрі ел дамуына елеулі өзгеріс әкелгеніне тарих куә. Қаңтар оқиғасынан кейін құрылып, алғашқы жиынын – Ұлытауда, екіншісі – Түркістанда, Наурыз қарсаңында Атырауда өткен Ұлттық құрылтай да солардың қатарында болатыны анық.

Пікір • 19 Наурыз, 2024

Озық ой кітап оқумен дамиды

Ежелден Құрылтай елдіктің үлкен мәселесін шешетін жиын ретінде белгілі. Өйткені осындай отырыс бабалар дәстүрін жаңғыртуға жол ашып, жаңа идеялардың қалыптасуына, қоғамдағы келелі істердің жүзеге асуына септігін тигізіп отырған. Кейінгі жылдары бабалар ұстанған осы жолды қайта жаңғырттық.

Пікір • 19 Наурыз, 2024

Жастарға үміт артылды

Ұлы даланың төрінде Ұлттық құрылтай өткізу дәстүрімізге айналды. Атырауда өткен келелі кеңестің кезекті жиынында идеология сала­сында жүргізілетін кешенді жұмыстың нақты бағыт-бағдары ай­қын­далды.