Taza.kz
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20651 материал табылды

Спорт • 14 Сәуір, 2026

Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді

Президент балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшіруді көздейтін заңға қол қойды. Енді бір спортшыға жылына шамамен 415 мың теңге бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2026

Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған

Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі кәсіпорыннан 58 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Құзырлы органның мәліметінше мекеме қызметкері аталған қаражатты өзінің шотына заңсыз аударған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 14 Сәуір, 2026

Парсы шығанағындағы соғыстан мұнай экспорты 44 пайызға құлдыраған

Парсы шығанағындағы саяси ахуалға байланысты бұғазға байланған елдердің мұнай экспорты аз уақытта айтарлықтай қысқарып, әлемдік нарыққа елеулі әсер етіп отыр. Халықаралық сарапшылардың мәліметінше, бір айдың ішінде шығын көлемі 206 миллион баррельді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Технология • 14 Сәуір, 2026

Қазақстан цифрлық қызметтер экспортын кеңейтеді

Еліміздің цифрлық әлеуетін арттыруда салада экспорттық өнімдер қатарын арттыру жолға қойылып келеді. Осы мақсатта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық үкіметті қолдау орталығы Тәжікстан Республикасының Ayon Smart Solution компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 14 Сәуір, 2026

11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Елімізде биыл 11 мың шақырым автобиль жолына құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 14 Сәуір, 2026

Наурыз айында қандай автокөліктер көп сатылды?

Наурызда елімізде ресми дилерлер 17 099 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатқан. Осылайша отандық автокөлік нарығындағы темір тұлпарлар сатылымы өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 12,9 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 14 Сәуір, 2026

Еуроодақ Венгрияның жаңа билігіне 27 түрлі талап қойды

Еуроодақ Венгриядағы сайлауда жеңіске жеткен «Тиса» партиясының жетекшісі Петер Мадьярдан Будапештке бөлінген 35 миллиард еуроны алу үшін 27 шартты орындауды талап етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым • 13 Сәуір, 2026

Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды

Мемлекет басшысы ғалымдарды Ақордада қабылдады. Осындай жақсы үрдіс соңғы екі-үш жылдан бері қалыптасып келе жатыр, сонымен бірге ғылымға көңіл бөлу де бұрынғыдан арта түсті. Биылғы конститутциялық реформа да ғылымға басымдық беру туралы айтылды. Сол үшін ғылым қазір мемлекетіміз үшін маңызға ие болды. Мысалы, Сингапур, Жапония елдерінде ғылымға стратегиялық деңгейде көңіл бөледі. Соның арқасында олар даму сатысына көтерілді. Біздің еліміз де қазір осы бағытқа қадам басты. Қазір Президент жанындағы ұлттық ғылым академиясы ғылыми маңызы бар үлкен жобаларды жүзеге асырып жатыр. Мысалы, Қытай елімен бірге «DeepBas» деп аталатын үлкен база жасауға кірісті. Сонымен бірге Оңтүстік Кореямен бірігіп «Silk Net» деген институт құрды.

Спорт • 13 Сәуір, 2026

ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үстел үсті спорттық ойындары бойынша ашық чемпионат ұйымдастырылды. Іс-шарада балалар мен ересектер, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар және бизнес өкілдері бас қосты. Мұндай ауқымды формат қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтып, ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Волонтер • 13 Сәуір, 2026

Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты

Отандық Allur автокөлік компаниясында жас қызметкерлердің бастамалары нақты қолдау тауып, жүзеге асып келеді. Жастарды бизнес және әлеуметтік жобаларға тартуға бағытталған Allur Zhastary бағдарламасы аясында волонтерлік қозғалыс құру ұсынылды. Компания басшылығы бұл бастаманы қолдап, нәтижесінде жұмысшы жастарды қоғам дамуына нақты үлес қосуға біріктіретін «Еңбек Жастары» қозғалысы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика