Пікір • 26 Маусым, 2025
Тәңірім адам-пенде қарекетіне жаратсын, қиналмай қарпып ішіп-жесін деп, жердің асты-үстіне мол қазынаны берген-ақ қой. Ақиқатына келсек, сол байлықтың кейбірінің түбі көріне бастағаны рас. Бізде ғана емес, төрткүл дүниеде де.
Білім • 25 Маусым, 2025
Бала екі-үш жасқа толған кезде, анасының жұмысқа шыққысы келетіні сән үшін емес, заман талабы десек те болады. Бірақ уайым бақшада да бітпейді, мектепте де көбеймесе, азаймайды. Таңнан кешке дейін жұмыста жүрген ата-ана баласының сабақтан кейінгі бос уақытын сапалы өткізуін ойлайды. Баланың мектептен шыққан соң қосымша сабақтар мен түрлі үйірмелерге баратыны, сол уақытты қалай толтырамыз дегенге саятынын да көріп жүрміз.
Саясат • 25 Маусым, 2025
Қазақстан мен ЕҚДБ ынтымақтастығы нығайып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесу өткізді.
Саясат • 25 Маусым, 2025
Сингапурдағы халықаралық конференцияға қатысты
Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Сингапурда өткен Ұйымшыл қоғамдар жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Аталған іс-шара әралуандықтағы көпмәдениеттілік пен үйлесім мәселелері бойынша пікірталастың жаңа кезеңі саналады.
Марапат • 25 Маусым, 2025
Ақпарат саласының өкілдері марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады. Президент журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.
Тұлға • 25 Маусым, 2025
Аты аңызға айналған суырыпсалма ақын әрі жазба әдебиет өкілі, композитор, әнші, актер, ағартушы Иса Байзақов – қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ірі тұлға. Ол 1900 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Исаның әкесі Байзақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын, ән айтуды жақсы көретін адам болса, шешесі Ғазиза да өнерлі, әнді тамаша орындайтын сауықшыл адам екен.
Жасанды интеллект • 25 Маусым, 2025
Жасанды интеллект: қауіп пе, мүмкіндік пе?
Қазір қоғамда жасанды интеллект (ЖИ) саласы ең көп талқыланып, қызығушылық тудырып отыр. Шындығында, бұрын ғылыми-фантастикалық фильмдерден ғана көріп армандаған дүниелеріміз ақиқатқа айналып келеді. Бірақ бұл технология бізге пайда әкеле ме, әлде қауіп төндіре ме? Осы сұрақ мені жиі ойландырады.
Саясат • 24 Маусым, 2025
Дәрі-дәрмек өндірісін дамыту мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-пленарлық отырысына қатысу үшін Астанаға келген Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесу өткізді.
Саясат • 24 Маусым, 2025
Қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға мән берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады.
Тарих • 24 Маусым, 2025
Нұрбай батыр немесе 38 жылдан кейін расталған құжат
Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, жұртының амандығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен тұлғалар ұлт тарихының әр белесінде биік деңгейге көтеріліп отырған. Тарихи тұлғаларды жік-жігімен қарасақ, сонау дана бабаларымыз Тоныкок, Күлтегіннен бастап, ұлы хандарымыз Жошы хан, Тәуке хан, Керей хан, Жәнібек хан, Есім хан, Абылай хан деп әрі қарай жалғаса берері хақ. Ел қорғаған батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбайдан бастап, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің небір жаужүрек батырлары болғандығы тарихтан мәлім. Олар туралы халық аузында көп айтылса да, кейбір мәліметтер көмескіленіп, бүгінге жетпей қалғандары қаншама.