Үкімет • 27 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект – жаһан дамуының мүмкіндігі
Бүгінгі таңда жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар адамзат тіршілігінің барлық саласына тың серпін беріп, жаңа даму көкжиектерін ашып отыр. Атап айқанда, экономикадан бастап, денсаулық сақтау, көлік, қаржы және білім беру секілді салаларда адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, болашақ өркениеттің негізгі тірегіне айналып келе жатқанын айқын көрсетеді. Әлем мемлекеттері осы үдеріске ілесіп, заманауи технологиялар арқылы өз әлеуетін арттыруға ұмтылып жатыр. Олардың қатарында біздің еліміз де бар.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2025
Бүгінде қоғамға қызмет – ел мүддесіне жұмылған жауапкершіліктің өлшеміне, шынайы қайраткерлік – халықтың береке-бірлігі мен дамуын ойлаған іскер де білікті азаматтың кәсіби сапасына айналды. Әдетте, жұртшылық атқарушы билік пен қоғамның арасына білім, мәдениет, ақпарат, заң, саясаттану, т.б. гуманитарлық сала азаматтары дәнекер болса екен дейді.
Пікір • 26 Қыркүйек, 2025
«Үкімет қазынасы» жобасын қолға алу маңызды
Кейінгі үш-төрт жыл көлемінде Мемлекет басшысы межелеген стратегиялық тапсырмаларды іске асыру жолында бірқатар батыл реформа жасалды. Біршама жетістікке де қол жеткіздік. Дегенмен халықтың тұрмыс сапасы экономика қуатымен сәйкес келмей тұрғаны баршамызға белгілі. Осы ретте нақты шешу жолдарын көрсете алатын ілкімді жобалар ұсынбақпын.
Жасанды интеллект • 26 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналдыру және экономиканы жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын барынша енгізу арқылы жаңғырту» стратегиялық мақсаты еліміздің болашақ дамуының негізгі бағыты ретінде айқындалған. Бұл мәлімдеме елдің цифрлық трансформацияға деген батыл ұмтылысын және оны жүзеге асыру үшін нақты қадамдар жасау қажеттігін көрсетеді.
Тұлға • 26 Қыркүйек, 2025
Қай қаламгер болсын, ол ең алдымен – өз дәуірінің, өз ортасының перзенті. Ол жазған шығарма арқауы да сол замана шындығы. Халқының мәдени-рухани өмірінің болмысын сол уақыт үрдісімен бағалайды, келер ұрпақ өзіне керегін өткен күннің шындығынан алады.
Тұлға • 26 Қыркүйек, 2025
Өткен ғасырдың 70-жылдары қаһарына мінген тоталитаризм мен кеңестік идеология ұлттық кадрлардың тағдыр-талайына шектеу қоятын жымысқы саясат ұстана бастады. ҚазМУ мен ҚарМУ-дың филология факультеттерін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітіріп жатқан қазақтың өндірдей талантты жастарын «мұғалім жетіспейді» деген сылтаумен алыс ауылдағы мектептерге жолдамамен жіберу үрдіске айналды. Ғылымға бірден келу оңай болмады.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2025
Әлемге сенім мен ашықтыққа негізделген консенсус қажет
Осы күндері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясы жаһандық күн тәртібінің басты оқиғасына айналғанын көріп отырмыз. Дүниенің әр түкпіріндегі мыңдаған адам саммит алаңдарындағы кездесулер мен сөйлеген сөздерге ерекше ден қойып, әлем көшбасшыларынан Жер шарын бейбітшілік пен келісімге бастайтын жаңа шешімдер күтті.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2025
Қауіпсіздік архитектурасын қалпына келтіруге шақырды
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы Жалпы дебатта сөз сөйледі. Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастыққа арнаған мазмұнды және маңызды үндеуінде қазіргі таңдағы өзекті сын-қатерлерге назар аударып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік, орнықты даму және цифрлық өзгерістер саласындағы бағдарына ерекше тоқталып өтті.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2025
Халықаралық қатынастағы әлеуетіміз айшықталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында жаһандық күн тәртібіне қатысты маңызды ой-толғамын ортаға салды.
Саясат • 24 Қыркүйек, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы Жалпы дебатта сөйлеген сөзі
Құрметті Президент! Қадірлі Бас хатшы! Құрметті делегаттар! Біріккен Ұлттар Ұйымы сексен жылдан бері адамзатқа төнген жаһандық cын-қатерлерді еңсеруде басты рөл атқарып келеді. Осы жылдар аралығында Ұйым біздің ұжымдық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, бейбітшілікті сақтау, өсіп-өркендеу, кедейлікті азайту, орнықты даму және адам құқығын қорғау бағытындағы ортақ күш-жігерімізді ілгерілетуге бастамашы болды. Алайда ақиқатқа тура қарауымыз керек: әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Өкінішке қарай, жақсы жаққа қарай өзгерді деп айту қиын. Дәл сол себепті жер жүзіндегі миллиондаған адам Бірікккен Ұлттар Ұйымына үлкен үмітпен көз тігіп отыр.