Қоғам • 10 Шілде, 2024
«Қарызсыз қоғам»: Қай облыс тұрғындары алаяқтан жиі зардап шегеді
Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы жарты жылдағы аралық нәтижелерін жариялады. Бүгінге дейін 54 мыңнан астам адам білім алды. Сондай-ақ банкроттық рәсімдеу, алаяқтық фактілерін анықтау, бизнес-жоспар жазу, жұмысқа орналасу бойынша көш бастап тұрған облыстар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Шілде, 2024
«TURKTIME!»: Ықпалдастықты кеңейту жалғасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты. Сөзінің кіріспесінде Мемлекет басшысы саммиттің «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» атты тақырыбы барлық елдің мүддесіне сай келетінін атап өтті.
Қоғам • 10 Шілде, 2024
Жаңартылған сайлау жүйесі түсіндірілді
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына барып, Жарма, Бесқарағай және Ұлан ауданы аумақтық сайлау комиссияларының қызметімен танысты. Сондай-ақ аудандық, қалалық және облыстық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары және хатшыларымен семинар-кеңестер өткізіп, ауылдық жас сайлаушылармен кездесті.
Қоғам • 10 Шілде, 2024
Лудомания – әлеуметтік кеселдің бірі
Президент лудоманияға қарсы күреске қатысты заң актілеріне түзету енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған бесінші заң.
Білім • 10 Шілде, 2024
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң: жаңа белестер
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 1 шілдесінде қол қойған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңы отандық ғылымның соңғы онжылдықтағы ілгерілеуінің, оның өзгерген әлемдік тенденциялармен белгіленген мақсаттары мен міндеттерінің шынайы нәтижесі мен жалғасы болып отыр.
Өнер • 10 Шілде, 2024
Қазақ бейнелеу өнерінің белгілі өкілі Құттыбек Жақыптың «Түркі қағанаты» триптихі Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанын естігенде ерекше қуандым. Өйткені мен оның шығармашылығын көптен бері зерттеп келемін. Ол аталған сыйлыққа әбден лайық деп санаймын.
Руханият • 10 Шілде, 2024
Жазушы Қуаныш Жиенбайдың шығармашылығы хақында Жазушы Қуаныш Жиенбайдың бірде-бір шығармасынан теңіз тынысының сырт қалғандығын көрген емеспін. Оның тырнақалды туындысы – «Жалғыз желкен» «Жалын» баспасына жаңадан қызметке кіріскенде біздің қолдан өтіп, кітап болып жарияланған-ды. Қуаныш інім туралы жақсы пікірлер айтылып жатса, шын ниетіммен қуанып қаламын. Біраз әдебиет сыншылары оның өнімді, тіршіліктің тынымсыз соққан қан тамырындай шындық атаулының бары мен жоғын шашыратпай, барынша дәлдікпен жазатынын айтып жүр.
Саясат • 06 Шілде, 2024
Басым бағыты – экономиканы өркендету
Тұңғыш рет Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті екі форматта ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі және «ШЫҰ+» форматында өтті. «ШЫҰ+» құрамында диалог бойынша серіктес 14 ел мен бақылаушы мемлекеттер (Моңғолия, Ауғанстан) бар. Одан бөлек, іргелі халықаралық ұйымдардың өкілдері де қатысты.
Саясат • 06 Шілде, 2024
Еліміздің ШЫҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болуы әлемдік аренадағы рөлімізді айқындайды. Өйткені мұндай беделді қауымдастықтарға мүше болу саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие. Еліміз ұйымға мүше бола отырып, терроризм, экстремизм, трансұлттық қылмыстарға қарсы күресте ұжымдық шаралар мен ынтымақтастық орнату арқылы өзінің ұлттық қауіпсіздігін, өңірлік тұрақтылығын нығайта алады.
Саясат • 06 Шілде, 2024
Жаһандық ауқымдағы тұрақтылық жолында
ШЫҰ төрағалығы кезінде Қазақстан Еуразиядағы геосаяси шиеленісті бәсеңдетуге, аймақтық ынтымақтастықты арттыруға және ұйымды жүйелі ілгерілетуге ұмтылды. Ұйым төрағалығы Астанаға осымен төртінші мәрте ауысып келді.