Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Зерде • 31 Қаңтар, 2024

Қайран қарттарым!..

Сөз бостандығыҚаңтар айының басында-ақ «Прав­да» газеті атындағы колхоздың жылды қо­ры­тындылайтын, алдағы келген жаңа жылдың бағыт-бағдарын белгілейтін өн­дірістік жина­лысы өтеді. Ұмытпасам, 1951–1952 жыл­дардың бірі болатын. Колхоз қара­таяқ­тарын айтпағанда, озат қойшы, малшылар мен көп өнім алған диқандар арнайы шақырумен келсе, басқа үлкен-кіші едені жер, төбесі аласа клуб үйіндегі қатар-қатар қойылған ұзынша орындыққа сыйғандарынша отыра береді.

Руханият • 31 Қаңтар, 2024

«Қазақтай» болсын БАҚ-тың бәрі

ХХ ғасыр қазақ даласының табалдырығынан түнере аттады. Азаттықтың туы болған «Қазақ» газеті мұны көзіқарақты оқырманына былай сипаттап жеткізді: «Төңірекке қарасақ, түнерген-түнерген бұлттар көрінеді, түбі қандай белгісіз, не боларын білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп, несібемізді молайтар ма? Болмаса, дауыл болып соғып, үйімізді жығып, үй ішімізді шашып тастар ма? Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ, жалаң бас, жеңдеріміз киюсіз, етектеріміз жиюсыз, ашылып-шашылып, қамсыз жатқан халықпыз.

Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024

Кенді шаһар түлегелі тұр

Әр қаланың дамуында құрылыс жұмыстарының алар орны айрықша. Сапалы да сәнді етіп соғылған сан алуа­н ғимарат шаһар көркін ашып, қаланың даму деңгейін бір саты жоғарылатып тастайтындай. Кейінгі жылдары жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынына көз жүгіртсек, осы салада ілгерілеген үрдістің барына куә болып, қуанамыз. Құрылыстың көбеюі әлеуметтік мәселелердің оңынан шешілуіне жәрдемдеседі. Күрделі жөндеуден өткен тұрғын үйлердің жаңа келбеті шынымен де көз тартады екен. Мұның бәрі жергілікті тұрғындардың игілігіне жарап, жұмыссыздық деңгейінің азаю­ына да өз үлесін қосары сөзсіз. Биыл да қаламызда осындай оң істер жалғасын тауып, бірқатар тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сараптама • 31 Қаңтар, 2024

Цифрлық дәуірдегі медиа әлем

Кейінгі жылдары цифрлық медиаға қатысты зерттеулердің өзектілігі артып келеді. Себебі цифрлық технология медиаиндустрияға көп өзгеріс әкеліп, барлық салада бірінші орынға шықты. Бұл мәселеге қатысты медиа мамандар мен зерттеушілердің ой-пікірлері сан алуан. Жаңа медианың бүгінгі сипатына қатысты деректер мен болжамдарды «Reuters» журналистика институты «Журналистика, медиа және технология трендтері мен 2024 жылға арналған болжамдар» атты зерттеу есебінде де жариялады.

Білім • 30 Қаңтар, 2024

Білімді тәуелсіз бақылау маңызды

Қазір қоғамда жекеменшік мектептер, қосымша білім беру орталықтары туралы түрлі пікір айтылып жүр. Осыған қатысты біз де үн қосуды жөн көрдік.

Технология • 30 Қаңтар, 2024

Әлемді өзгерткен жүйе

Жасанды интеллект – адамның санасына ұқсас сипаттарды қам­ти­тын және тапсырмаларды орын­дауға арналған компьютерлік жүйе. Кейінгі жылдары жасанды интеллект тез дамып, өміріміздің барлық саласына еніп келеді. Тех­нологиялық алпауыттар да, кіші­гірім стартаптар да оның әлеуетін зерттеу мен жақсартуға ден қойып отыр.

Қоғам • 30 Қаңтар, 2024

Сенімнің кілті – бірлікте

Бүгінде әлем де, қоғам да сәт сайын жаңарып жатыр. Жылдар бойы қалыптасқан, мызғымастай көрінген геосаяси, геоэкономикалық қағидалар қайта қаралып жатыр. Халықаралық қатынастар түбірімен өзгерді. Блоктік сана қайта жаңғырып, тұрақсыздық шекарасы кеңейіп барады. Жер-жердегі қақтығыс, соғыс әлемді алаңдатып тұр.

Егемен Қазақстан • 29 Қаңтар, 2024

Наурыз – елдік дәстүр негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін», деп айтқан еді. Осы орайда қоғамды тұтастандырудың салмақты өзегі, ұлттық бірлік пен татулықтың айрықша арқауы – Наурыз мейрамын жаңаша сипатта атап өтудің жолын кеңесу мақсатында білікті мамандарды шақырдық. «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы модераторлық еткен бұл жиынға этнолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракция жетекшісінің орынбасары Жұлдыз Сүлеймен, нау­рызтанушы Серік Ерғали, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов, Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі Ерлан Рысқали, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының жетекшісі Жасұлан Наурызбайұлы қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды. Басқосуда мына мәселелер көтерілді: Наурызды қазіргі заман форматына сай қоғамның тұтастығы мен бірлігіне қызмет ететіндей ұйымдастырудың жолы қандай? Наурыз мейрамының мазмұнын салт-дәстүрді, елдік, этностық құндылықтарды насихаттаумен бірге немен толықтыруға болады? Наурызға қатысты өңірлік ерекшеліктерді біріздендіру, нормалау туралы пікіріңіз. Наурыз мейрамын еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің ынтымағына, берекесіне айналдырудың тетігі. Наурыздың мазмұны – «татулық мейрамы», осы үрдісті елдік дәстүр деңгейіне көтерудің маңызы. Кеңестік идеологияның Наурыз мейрамын шектеуінің астарында дербестік, демократиялық негізді көргені байқалады, ендеше бүгінгі санадағы түрлі қиындықты сауықтыруға, саламаттандыруға Наурыз құндылықтарын пайдаланудың жолы қайсы?

Халық • 29 Қаңтар, 2024

Шешен азаматының имандылық өнегесі

Атбасар ауданында шешен азаматтары Хан Кене батырларының бірі Қарабай құрметіне мешіт тұрғызып берді. Ынтымақ ұйыған, ырыс құйылған ауылдың тіршілігінен жанашыр жұрт­­тың ауызбірлігі, шүлеңгер аза­мат­тардың шарапаты аңғарылып тұрады. Осындай үлгілі көрініске Атбасар ауданының Сергеевка ауылында куә болдық. Қан­ша уақыттан бері көп­тің тілеуінде жүр­ген жаңа мешіттің құрылысы баста­машыл аза­мат­тардың араласуымен аяқ­талып, жыл басында ашылды.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2024

Ауылдың астынан «су» шықты

Бас басылымның «Егеменге елден келді» айдарымен Казатком ауылы тұрғындарының шағымына байланысты «Ауыл ауыз су құбырын тартуға наразы»(№51, 2019 жыл) атты мақала шығып, онда суы бар елге тағы қосымша су желісі тартылып, орынсыз мемлекет ақшасының шашылуына саналы түрде жол берілгені атап көрсетілген еді. Топалаңнан өлген мал өлекселері көмілген аймақтан өткен жаңадан төселген су құбырлары қазіргі істеп тұрған өзіміздің суға жалғанбай, одан бері 5 жылдай тыныштық орнаған сияқты еді. Бірақ олай емес екен, біз ұмыта бастағанмен әкімдер ұмытпапты. Бұл мәселе облыстық «Алатау арайы» басылымының былтырғы №17 санында жарқ етіп қайта көтерілді.