Қазақстан • 27 Маусым, 2022
Байырғы журналист Құттыбек Аймаханмен «Алматы ақшамына» қызметке келгенде таныстым. Алғашқы кезде газет тіршілігіне кірігіп кету үшін: «Қай журналист қандай тақырыпты көтеріп жүр екен?» деген оймен тігіндіні ақтарғанда Құттыбектің аты-жөні жиі кезікті. Газеттің күрмеуі қиын жетекші - экономика және құрылыс саласына қалам тербеген көлемді мақалаларын шолып шықтым. Күрделі тақырыптың өзін тігісін жатқызып, қазақтың шұрайлы тілімен ұғынықты етіп жазады. Қаламы ұшқыр, айтар ойы айқын, оңды-солды көсілтіп жазатын Құттыбектің еңбекқорлығына тәнті болған едім.
Президент • 27 Маусым, 2022
Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заңға қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Маусым, 2022
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Koç Holding компаниясының қазіргі жұмысымен, сондай-ақ Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Маусым, 2022
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Көкшетауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салынады. Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Маусым, 2022
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Елімізде колледждерге құжат қабылдау басталды. Балалар жылында 128 мың грант бөлініп, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 45 мыңға артық, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Маусым, 2022
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Шымкентте қатты ыстықтан көліктің жүксалғышындағы газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2022
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан 30 түп сора табылды
Түркістан облысында тұрғынның ауласынан 30 түп сора есірткі өсімдігі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Маусым, 2022
Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі болып Есіркепов Ернар Серікәліұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Маусым, 2022
БҚО-да жол апатынан екі сәби зардап шекті
Атырау-Орал тас жолында жол апаты болып, екі сәби зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Маусым, 2022
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Бас прокурор Берік Асылов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 32-ші отырысының жұмысына қатысты.