Пікір • 29 Маусым, 2024
«Бұқаралық ақпарат құралдарының беделі немен өлшенеді?» деген сауалға жауап іздеп көрейік. Бұл орайда ойымызға бірден аудиторияның ауқымы, тұрақтылығы, сенімі оралатыны анық. Көрермені, оқырманы, тыңдарманы көп БАҚ беделді. Ал бедел ақпарат құралына не береді? Ақша береді. Жарнама, гранттар һәм тікелей мемлекеттік тапсырыс.
Пікір • 29 Маусым, 2024
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Масс-медиа туралы» заң көпшіліктің ұзақ талқылауынан өтті. Себебі бұл құжаттың қоғам өміріндегі маңызы жоғары. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның сонау 1999 жылы әзірленгенін және ширек ғасыр ішінде БАҚ кеңістігінің айтарлықтай өзгергенін ескере отырып, ескі заңға өзгеріс енгізбей, жаңасын жазу тиімді болды.
Пікір • 29 Маусым, 2024
Журналист – қоғамның үнін жеткізуші
БАҚ беделін сөз бостандығынсыз елестету мүмкін емес. Себебі журналистиканың қоғамдағы беделі шығармашылық еркіндікпен тікелей байланысты. Екіншіден, жекеленген БАҚ-тың этикаға аса мән беруі де қолына қалам ұстаған қауымның мәртебесін айқындап береді.
Пікір • 29 Маусым, 2024
Ақпараттың өзектілігін уақыт айқындайды
Ақпараттық кеңістіктегі үрдістер туралы сөз қозғағанда, алдымен жасанды интеллект мүмкіндігіне ерекше тоқталамыз. Өйткені технологияның сағат тілімен қарыштап дамуы, журналистердің де кәсіби жүгін арттырды. Мәселен, қазіргі таңда Батыс елдерінде журналистика біртіндеп аналитикалық бағытқа бой алып бара жатыр.
Туризм • 28 Маусым, 2024
Ел қазынасын еселейтін саланың бірі туризм десек, оның ішінде зиярат туризмінің алар орны ерекше. Әсіресе түркі халықтары үшін мұның мән-маңызы бөлек екені анық. Осы бағытты дамыту үшін жуырда Қазақстан мен Өзбекстан салалық министрліктерінің басшылары өзара әріптестікті өрістетуге уағдаласқан еді.
Мектеп • 28 Маусым, 2024
М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебіндегі жазғы мектепте оқушылар өз демалысын көңілді, пайдалы әрі белсенді өткізіп жатыр. Жазғы мектеп жұмысы биыл 10 маусымнан басталды. Балалардың жазғы мектептегі бір күнінен шағын репортаж ұсынғымыз келеді.
Егемен Қазақстан • 28 Маусым, 2024
Әлемге танылу мүмкіндігіміз зор Қожа Ахмет Ясауи, Арыстанбаб және басқа да тарихи нысандар көпшілік баратын орынға айналғанымен, негізінен тек зиярат жасалады. Осы орайда бұл жерлерде ғылыми-тарихи туризмге баса назар аудару маңызды, яғни келушілер бұл орындардан танымдық тұрғыдан ақпарат алатындай тиісті шаралар қабылданса, нұр үстіне нұр болмақ.
Мереке • 28 Маусым, 2024
Премьер-министр Олжас Бектеновтің құттықтауы
Құрметті БАҚ қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұқаралық ақпарат құралдары еліміздегі игілікті істердің жаршысы, әділетті қоғамның айнасы ретінде шынайы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Сұхбат • 28 Маусым, 2024
Мадияр Исмаилов: «Нәзір феномені» екі ел арасында әлі де қызмет етіп келеді
Әлемдегі түрлі саяси, экономикалық шиеленістер тұсында болашақ ұрпақ игілігі үшін кез келген түйткілді бейбіт жолмен шешуге ұмтылған мәмілегерлердің орны айрықша. «Дипломатиялық қызмет күні» қарсаңында жаһандық үдерістерге белсенді қатысып, Қазақстанның ұстанымын нығайтуға үлес қосқан, Араб түбегіндегі дипломатиялық мекемелерде ұзақ жылдар қызмет еткен Мадияр ИСМАИЛОВТЫ әңгімеге тарттық. Алғашқы кәсіби дипломат, ғалым Нәзір Төреқұловтың шөбересімен Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыс, тақ мұрагері қолға алған жаңа реформалар жайында сөз еттік.
Сараптама • 28 Маусым, 2024
Отандық тарих ғылымын дамыту – бүгіннің өзекті мәселесі. Сондықтан осы бағытта тарихшыларға артылып отырған міндет те зор, жауапкершілік те жоғары. Еліміз егемендігін алғаннан бері отыз жылдан аса уақыт өтті. Осы аралықта тарих ғылымы саласында жүздеген ғылым кандидаты мен ғылым докторы қалыптасты. Сондықтан да аталған ғылымның қазіргі жағдайын зерделеу аса маңызды.