Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Баға • 16 Қаңтар, 2024

Тұрақты баға тұрмысқа тиімді

Азық-түлік бағасының ала-құлалығы халықты ерек­­ше алаң­дататыны жасырын емес. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар­дың құнын кім және қалай қа­дағалайды? Сонымен қатар жаңа жылдық дас­тарқанға елорда тұр­ғындары қанша теңге жұм­сады? Аталған сұрақтарға жауап алу мақсатында «Астаналық» базар мен «Magnum» сауда желісіне барып халық­тан сұраған едік.

Таным • 16 Қаңтар, 2024

Халық ағасы

ХХ ғасыр басындағы ұлт қайраткерлері мен зиялылары – шын мәнісінде халық қызметшілері. Осынау көсемдер шоғыры ішіндегі Сәкен Сейфуллин құбылысы – «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік!», «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек!» деген дауылпаз дауысты ұлт патриоты, мемлекет қайраткері. Оның таңғажайып тұлғасында көшбасшылық, отаншылдық, ақындық, композиторлық, өнерпаздық, ұстаздық, шешендік, ғалымдық қабілет жарасым тапқан.

Сұхбат • 16 Қаңтар, 2024

Мүбәрак мұңның мұрагері

Академик Ғарифолла Есімнің «Мұң» романында автордың пәлсапалық ой-толғамдары мен эсселері жинақталған. Мұң дегеніміз не? Адам неліктен мұңаяды? Мұңсыз ғұмырдың мәні бар ма? Осы сұрақтарға жауап алу мақса­тында автормен әңгімелескен едік.

Руханият • 16 Қаңтар, 2024

Халыққа жақын қаламгер

Өз кезінде тәп-тәуір бағаланса да, уақыт оза келе, көзден кеткеннен кейін де көңілден кетіп, аса еленбей қалған жазушы­лардың бірі – Зейнел-Ғаби Иманбаев. Бұл қаламгердің шығар­маларын мектепте жүргенде, яғни өткен ғасырдың 60-70 жылдары қызыға оқыған балалардың қатарынан өзім де табылатын едім. Ол кісінің әр алуан тақырыпқа жазған шығармалары сол замандағы жас оқырмандарды бір шуақты әсерлерге жетелейтін.

Сенат • 16 Қаңтар, 2024

Халықаралық әріптестік

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинаспен кездесті. Басқосу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Қылмыс • 16 Қаңтар, 2024

Басбұзарды кім тезге салады?

Қаңтардың алғашқы күндері Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызылжар ауылында болған қайғылы оқиға біраз жұртты дүрліктіргені рас. Елді мекендегі дүкен жанында түнгі 11-лер шамасында он жігіттің арасындағы болған төбелес екі колледж студентінің өлімімен аяқталған еді.

Пікір • 15 Қаңтар, 2024

Миллиардтаған салымды талап ететін сала

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында елдегі жылу электр стансалары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымдарының нашар жағдайына көпжылдық әрекетсіздік себеп дегенді айтты.

Пікір • 15 Қаңтар, 2024

Мемлекеттілікті нығайту

Көзі қарақты жұрт аңғарса керек, қазіргі уақытта мемлекетіміздің барлық саласында елеулі өзгерістер болып жатыр. Қаралы қаңтар оқиғасынан кейін Конституциямызға заман талабына сай өзгерістер енгізіліп, билік пен халықтың арасында ашық диалог орнады. «Еститін Үкімет» жасақталып, әлеуметтік салада қордаланып қалған түйінді мәселелер жүйелі шешімін таба бастады. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді.

Пікір • 15 Қаңтар, 2024

Қателіктен сабақ алмай, алға жылжу мүмкін емес

Ел алдындағы басты міндет – табысты қайта бөлу керектігі кейінгі жылдары ашық айтылып, басым бағыттардың біріне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін бұл мәселені бірнеше рет айтты. Жуырда «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында айтылған ұсыныстардың өзегі де осы болды.

Пікір • 15 Қаңтар, 2024

Бес жылдық даму циклінің басталуы

Қазақстанның сыртқы саясаты қазіргі геосаяси сілкіністер аясында жүйелілігі, салмақтылығы және бейбітшілікті жақтаушылығымен ерекшеленеді. Бұл – біздің бастамаларымызға халықаралық сенім мен қолдаудың негізі.