Саясат • 14 Қаңтар, 2024
Тілді дамытудың жаңа міндеттері
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті. Кездесу барысында саладағы бірқатар өзекті мәселе, оның ішінде отандық ғылымды дамыту, жоғары білім сапасын көтеру, сондай-ақ еліміздегі тіл саясатын дамыту мәселелері талқыланды.
Үкімет • 14 Қаңтар, 2024
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанда тауарлы сүт фермаларын салу жөніндегі Үлкен жобаның іске асырылу барысы талқыланды.
Экономика • 14 Қаңтар, 2024
Moody's Investors Service (Moody's) халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ рейтингін Baa3-тен Baa2-ге дейін көтерді. Болжам «тұрақты».
Экология • 14 Қаңтар, 2024
Құрғаған ұлтан қараусыз қалмайды
Қыстың қытымыр аязы мен жаздың аптап ыстығында әрбір тал-дарақ пен аң-құстың амандығын сақтап, өз жеріндегі экологиялық ахуалды күзеткен орманшы еңбегін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Табиғат сақшылары жылдан-жылға орман алқаптарын көбейте отырып, экологиялық тұрақтылыққа септесіп келеді. Табиғатты, байлық пен қорды сақтап жүрген олардың еңбегі көзге көрінбесе де, құрметтеуге әбден лайық. Олардың міндеті – өңірдегі орман мен тоғайлы жерлердегі қорды мүмкіндігінше сақтау, пайдалану, өсіру.
Халық • 14 Қаңтар, 2024
Жемқорлық • 12 Қаңтар, 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жұмыс
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Пікір • 12 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген мазмұнды сұхбатында елімізді жаңа бағытта дамытуға қатысты ойларын ортаға салып, маңызды мәселелерді көтерді.
Пікір • 11 Қаңтар, 2024
Халықаралық сарапшылар еліміздің экономикасына, макроэкономикалық көрсеткіштеріне байланысты түрлі болжам айтып жүр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «Шын мәнінде, мен үшін макроэкономикалық көрсеткіштер соншалықты маңызды емес, азаматтардың тұрмыс сапасының іс жүзінде жақсаруы одан әлдеқайда маңыздырақ» деп нақты ұстанымын жеткізді.
Пікір • 11 Қаңтар, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел газеті – «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған сұхбатында әділетті Қазақстанды орнатудың маңызы жан-жақты айтылып, елдің сыртқы және ішкі саясаты, іске асырылып жатқан саяси-экономикалық реформалардың барысы байыпталады.
Пікір • 11 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты қоғамдық ойға қозғау салып, қызу талқыға түскенін әлеуметтік желіден де байқап отырмыз. Қоғамға түсініксіздеу көрінген көп жайттың беті ашылды. Қаңтар оқиғасының себеп-салдарын бұрмалап көрсетудің қажеті жоқтығы, оған «халық көтерілісі» деп баға бергісі келетіндер қылмыстық әрекеттерді ақтау үшін ғана айтылғаны белгілі болды. Мемлекет басшысы күрделі кезеңде мүдделі топтар «екі кабинеттің ортасында» жүгіріп жүріп, есебін түгелдеп алғысы келгендер туралы пікірін білдірді.