Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Экспорт • 10 Қаңтар, 2024

Экспортты ілгерілетудің маңызы

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда экспорттық-кредиттік агенттік құру және шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заң талқыланды.

Баға • 10 Қаңтар, 2024

Бағаны тұрақтандыру талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша 2023 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды.

Үкімет • 10 Қаңтар, 2024

Өңірлердегі өзекті мәселелер ескеріледі

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Жиында депутаттар 11 қаңтар күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітіп, сенаторлардың өңірлерге сапарын қорытындылады.

Айбын • 10 Қаңтар, 2024

Ел тыныштығының алдаспандары

Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етпей, елдік реформаларды табысты іске асыру мүмкін емес. Бұл міндетті орындауда 10 қаңтарда құрылғанына 32 жыл толатын Ішкі әскерлердің құқықтық мирасқоры – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы зор рөл атқарады.

Басылым • 10 Қаңтар, 2024

Қаламгерлер ұстаханасы

Ғасырға жуық уақыт бұрын дәл осы күні – 1934 жылдың 10 қаңтарында маңдайшасында «Қазақ әдебиеті» ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алсын!» деген ұраны бар «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Тұңғыш редакторы – Ғабит Мүсірепов, жауапты хатшысы – Мұхамеджан Қаратаев. Редколлегияға Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Әйтеке Мусин, Ғабит Мүсірепов пен Мұхамеджан Қаратаев сынды марқасқалар мүше болды. Міне, содан бергі аттай зулаған 90 жыл ішінде әдеби басылым ұлт руханиятының діңгегіне айналып, туған әдебиетіміздің алтын қазығын қақты. Қалада да, қырда да талай қазақтың қойнына салып жүріп оқитын газетіне айналды. Бұл газеттің бетінде қаншама көрнекті тұлғалардың ізі қалды, қаншама ұрпақ тәрбиеленді, ұлттың сөзі сөйленді. Бүгінгі күнде де сол оқырман газет шығатын жұманың таңын асыға күтеді.

Пікір • 09 Қаңтар, 2024

Әркім өз таңдауын саналы жасағаны жөн

«Egemen Qazaqstan» газетінде «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлының ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жасаған кең көлемді сұхбаты жарияланды. Сұхбатта бірнеше маңызды мәселе қозғалып, көптен бері жұрт көкейінде жүрген АЭС туралы сұраққа да жауап бере кетіпті.

Пікір • 09 Қаңтар, 2024

Алға ұмтылған озады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын егжей-тегжей оқып шықтық. Сұх­батқа көпшілікті толғандырған көптеген өзекті мәселе арқау етілген. Кейінгі жылдардағы елімізде жүргізілген әлеу­мет­тік-экономикалық реформалар мен ішкі және сыртқы саясат тура­лы шешімдер, қоғамдағы түрлі жағдай қам­тыл­ған. Сонымен қатар экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда биыл жүзеге асатын бірқатар ма­ңызды іс-шараға кеңінен тоқталды.

Пікір • 09 Қаңтар, 2024

Құқықтық жүйеге қатысты кәсіби жауап

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің бас газетіне берген сұхбатында қоғам мен мемлекет дамуы­ның өзекті мәселелері қамтылған. Халықтың көкейінде жүр­ген, еліміздің болашағына байланысты күрделі сұрақ­тарға ашық та терең негізделген кәсіби жауаптар берілді. Пре­зи­денттің құқық үстемдігін орнықтыру саласындағы ой-толғам­да­ры ерекше назар аударады.

Пікір • 09 Қаңтар, 2024

Антқа адалдықтың сын сағаты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген сұхбаты бізді өткенге, әсіресе қоғамды әлі күнге дейін толғандырып келе жатқан, жаныңды сыздатар Қаңтар оқиғасына қайыра бір оралып, ой толғауға жетеледі.

Ғылым • 09 Қаңтар, 2024

Хан Кененің ғалым ұрпағы

Ғылым мен технологияның қарыштап дамыған кезінде өмір сүріп жатырмыз. Тіпті ғылымдағы жаңалықтарға таңғалмайтын да болдық. Посткеңестік елдерде ғылымның кенжелеп қалғаны ешкімге құпия емес. «Ғаламдық жылынуға» байланысты тиімділікке, үнемділікке, экологиялық тазалыққа талап күшейе түсті. Энергияның кез келген түрін сақтау да күн тәртібінде тұр. Электр қуатын сақтайтын батареялардың дамуы электрмобильдер дәуіріне әкелді. Енді бірі – жылуды сақтау технологиясы. Табиғатта глаубер тұзы сияқты заттардың жылуды «сіңіріп алатын» қасиеті бар, керек кезінде сол жылуды қайта алуға да болады. Оны ағылшынша PCM-phase change material дейді. Зат бір термодинамикалық күйден (қатты, сұйық, бу) екінші күйге өткенде жылу бөледі не сіңіреді.