Таным • 11 Желтоқсан, 2023
Ата дегенде «Ел бірлігі» деген тіліме оралады. Ел бірлігі үшін ата мен немере арасындағы сабақтастық жібі үзілмеуі керек. Ата мен немере арасында әке бар. Ел бірлігін қамтамасыз ететін үш тұлға: ата, әке, немере. Үш буын, оған сай үш құндылықтар жүйесі. Сабақтастық жібі үзілмеуі керек, егер үзіле қалса, оның қай жерден үзілгенін тауып жалғау парасаттылықты қажет етеді. Парасат иесі кім, әрине, ол – ата.
Пікір • 10 Желтоқсан, 2023
Екінші ұстаз Әл-Фарабидің «Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту» деген тағылымды сөзі бар. Заман ауысып, технология алға озған сайын жас ұрпақ руханият пен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтардан, өмір салтымыздан алыстап барады. Себебі біз олардың күнделікті тіршілігін, айналасын, тұтынатын контентін төл руханиятымызбен сабақтай алмай отырмыз.
Тұлға • 10 Желтоқсан, 2023
Қан-тамыр хирургиясының негізін қалаған
Биыл қазақ медицинасында атап өтетін айтулы екі дата бар. Біріншісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрар Көкеевтің 90 жылдық мерейтойы. Ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ол қолынан скальпелін тастамады, шәкірт тәрбиелеуден де шет қалмады. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде еңбек етті. Екіншісі – осы Тұрар ағамыз бастауында тұрған Қазақстан қан-тамыр хирургиясының құрылғанына 65 жыл. Меніңше, осы екі күнді бөле-жарып елестету деген тіптен мүмкін емес.
Білім • 10 Желтоқсан, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Рәтбай Мырзақұлов екінші жыл қатарынан әлемдегі беделді ғалымдардың рейтингіне енді. Белгілі теориялық физик Стэнфорд университетінің екі рейтингінде де Scopus дерекқорында жарияланым белсенділігі мен дәйексөз көрсеткіштері бойынша ұсынылған.
Руханият • 10 Желтоқсан, 2023
Руханият • 07 Желтоқсан, 2023
Көл жағасында он шақты үйлі ауыл. Көршілер туысыңдай. Бірінің кем-кетігін екіншісі түгендейді. Жарамды ат әрқайсысында бола бермейді. Ол уақытта той-томалақ қазіргідей жиі болмаса да, өтіп жатады. Көрші келді үйге. Сөз бастады ақырын. Алдымен мал-жан, сосын өзге мән-жайға кезек тиді. Аталары жөнінде сөз өрбіді. Көргендерін естеріне алды, беттерін сипады. Аяқталар емес әңгіме. Көктемшілік жайы да ұмыт қалған жоқ. Биылғы төл жағдайы да айтылды. Үй иесінің атбегілік еңбегі де елеусіз қалмады, мадаққа оранды. Мұны кім жек көреді. Отағасы көңілі кеңіп, одан сайын жіби түсті. Соны байқаған көрші бастырмалата берді. Сиыр сауым кез орағытпа әңгімені қыздырып, ақыры құдаларына барып келу үшін жүйрік ат майын сұрады. Оған көнуден басқа амал жоқ еді. Солай болды да. Көнеден жеткен қымбат сөз үй иесін тырп еткізбей, бұрылып ұзай алмайтындай орады, сөйтіп азаматқа демеу болды, жоқтың кем-кетігін жамауға көмектесті. Әр шаруаның иінін келтіріп, қисынын табатын осындай биік шешендік қабілет қайдан жүр еді сол заман адамдарында? Олар тіпті мектепте де оқыған жоқ қой, өзгесін былай қойғанда.
Білім • 06 Желтоқсан, 2023
Елордада «Ulttyq Ustaz» онлайн академиясының ұйымдастыруымен «Университеттердің жаңа үлгілері. Version 5.0» тақырыбында «Ұлттық ректорлар мектебі» семинары өтті. Жоғары білім саласындағы маңызды іс-шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Лудомания қазіргі заманда адамды аздыратын, оны қоғамнан өгейлендіретін аса қауіпті әлеуметтік дертке айналды. Әсіресе кейінгі жылдары құмар ойынға арбалған жастар мен әйелдер санының тым көбейіп бара жатқаны алаңдатады.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2023
Қара өлеңге дес бермеген Мұрат Мөңкеұлының айтыскерлік шеберлігі
Мұрат Мөңкеұлының біз қараған жазба деректерде жеті айтысы ғана бар. Айтыс ауызша таралатын өнер болғандықтан кейбір айтыстары бізге жетпеген болуы да мүмкін. Мәселен, Бәленей мен Қалнияз, Шолпан ақындармен сөз таластырғаны деректерде болғанымен мәтіні сақталмаған. Кейбір мәліметтерде алты айтысы бар делінген. Оның төртеуі бір қайырыммен, яғни Мұраттың қарсыласын алғашқы кезекте сөзден тоқтатуымен аяқталады. Осы жеті айтысының өзінен-ақ оның заманында алдына жан салмаған өлең жүйрігі, айтыстың абаданы болғаны көрінеді. Мұрат Мөңкеұлын алғаш зерттеген Халел Досмұхамедұлы: «Мұрат бала күнінен-ақ өлең айта бастаған. Он бестен асқан соң той-тобырда өлең айтуды мүсе етпей, заманындағы айтқыштардың барлығын айтысып, жеңген. Айтысқа өте шебер болған. Мұраттың өмірінде айтыстан жеңілген орны болмаған. Айтыстың көбі Мұраттың жігіт күнінде болған», деп жазады.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Жақсы өмір іздеп жат елден... Немесе еңбек нарығы қалай реттеледі?
Қазіргі кезде өндіріс орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жоғары білікті және кәсіби мамандарға сұраныс артып келеді. Сондықтан еңбек нарығын реттеудің тетіктерін жетілдіру, жұмыссыз азаматты кәсіби даярлау мен қайта даярлау үшін мемлекеттік бағдарлама жасау – негізгі мәселенің бірі және бұл ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеуді талап ететіні анық.