Аңдатпа • 13 Маусым, 2024
14 маусым - Астана қаласындағы Қуыршақ театрында Г.Х.Андерсеннің «Су перісі» мультфильмінің желісіне құрылған «Қайта оралған су перісі» ертегісі сахналанады. Режиссері – А.Салаева.
Денсаулық • 13 Маусым, 2024
Адам папилломасы вирусы (АПВ) қаншалықты қауіпті? Жатыр мойны обырын алдын алуға септесетін АПВ-ға қарсы вакцинация елде қашан жүргізіледі? Бұл тақырыпты Астанада өткен форумда қоғамдық, ғылыми, халықаралық ұйым мүшелері (ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰДБ, ЕО), Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, сондай-ақ белгілі дәрігерлер, ғалымдар, дін қызметкерлері мен қоғам белсенділері талқылады.
Руханият • 13 Маусым, 2024
Алматыдағы қазақ мәдениеті мен ғылымының қара шаңырағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы шежірелі көне тарихтың өзіндей емес пе? Аталған орданы тұңғыш басқарған мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтан бастап, бүгінгі басшылыққа дейінгі аралықта қаншама тұғырлы тұлғаларымыздың рухани ордасына айналған кітапхана бұл.
Тарих • 13 Маусым, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия аясында елімізде жүйелі жұмыс атқарылды. Мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесі ұсынысымен қуғын-сүргін бойынша 2,5 млн-нан астам құпия құжат құпиясыздандырылды, 311 мыңнан аса құрбан мен зардап шеккен азамат ақталды. Мемлекеттік кеңесші – Мемлекеттік комиссия төрағасы Ерлан Қариннің басшылығымен «ХХ ғасырдың 20–50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша Мемлекеттік комиссия материалдары» сериясымен том-том жинақ жарияланды.
Ұстаз • 13 Маусым, 2024
Соғыс және еңбек ардагері, қан майданда Отаны үшін қан төгіп, бейбіт өмірдегі бүкіл саналы ғұмырын оқу-ағарту ісіне арнаған білім қайраткері, ІІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің, көптеген медальдың иегері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі Мәткәрім Досжановтың өмір жолы қай қиырынан алып қарасақ та, үлгі-өнегеге толы.
Құқық • 12 Маусым, 2024
Сот сараптамасының сапасы қандай?
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Сот сараптамаларының ғылыми-тәжірибелік орталығында болып, Әділет министрімен және орталық ұжымымен кездесті. Жүздесуге қатысушылар сот-сараптама қызметіндегі заңнаманы жетілдіру және өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Үкімет • 12 Маусым, 2024
Қант қызылшасын өсіруге басымдық беріледі
Вице-премьер Серік Жұманғарин Жетісу облысына жұмыс сапары аясында егіс науқанының қорытындыларымен және шегірткеге қарсы күрес барысымен танысты.
Оқиға • 12 Маусым, 2024
Бас редакторлар клубының басқарма мүшелері сайланды
Бүгін Астанада «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті. Басқосуда белгілі медиаменеджер, Парламент Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай ұйымның атқарған іс-шаралары мен алдағы жоспарын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2024
Павлодар облысында көлік түгі қалмай өртеніп кетті
12 маусым күні сағат 11:02-де Екібастұз қаласы, Құдайкөл ауылының маңында автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2024
ҚДБ мен Кореяның қаржы институттары бірлескен меморандумға қол қойды
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) Кореяның экспорттық-импорттық банкімен және K-Sure Корея сауда-сақтандыру корпорациясымен өзара түсіністік туралы меморандумдар жасасты. Құжаттарға қол қою Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында өткізілген Қазақстан-Корея бизнес-форумы аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.