Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18913 материал табылды

Қазақстан • 06 Наурыз, 2020

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз екінші отырысы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 06 Наурыз, 2020

«Алматы-Бішкек» автожолының жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады

«Алматы-Бішкек» автожолының «Алтын Орда» базары маңындағы 16-19 шақырымын жөндеу жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Қазір нысанда алдағы құрылыс маусымына дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 06 Наурыз, 2020

Жыл басынан бері ақылы жолдардан 600 млн теңгеден астам қаражат жиналды

2020 жылдың 2 айы ішінде жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол учаскесінен түскен қаражат 643,1 млн теңгені құрады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда • 06 Наурыз, 2020

Елордада «Кәсіпкерлерге кеңес беру» акциясы жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдары мен ұйымдары бірлесіп, елорданың халқы көп шоғырланған орындарда «Кәсіпкерлерге кеңес беру» ашық есік күнін өткізіп келеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президент • 06 Наурыз, 2020

Президент Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дмитрий Медведев екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын қарастырды. Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 06 Наурыз, 2020

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 наурызда бірнеше өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қоғам • 06 Наурыз, 2020

Шамалған стансасында жол өтпесі эстакада түрінде салынады

Алматы облысының Шамалған теміржол станциясындағы жол өтпесінің құрылысы биыл қарқын алмақ. Бүгінгі таңда нысанда алдағы құрылыс маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша құрылыстың жалпы сомасы 5,5 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 06 Наурыз, 2020

Біржан Нұрымбетов Уильям Мозермен кездесті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозер Нұр-Сұлтан қаласында өткен жұмыс кездесуі барысында Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы заңнамасын және кәсіподақтардың қызметін жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанда адам саудасы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина • 06 Наурыз, 2020

Оңтүстік Кореядан келген азаматтар карантинге жабылды

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы Қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша 1 санаттағы елдерден (ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран) оралған адамдар Қазақстанға келген күннен бастап жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысанда 14 күн карантинде болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 06 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы Алик Айдарбаевты қабылдады

Мемлекет басшысына ұлттық мұнай-газ компаниясының 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.