Елорда • 06 Наурыз, 2020

Елордада «Кәсіпкерлерге кеңес беру» акциясы жалғасып жатыр

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдары мен ұйымдары бірлесіп, елорданың халқы көп шоғырланған орындарда «Кәсіпкерлерге кеңес беру» ашық есік күнін өткізіп келеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


Елордада «Кәсіпкерлерге кеңес беру» акциясы жалғасып жатыр

Аталған шарада кәсіпкерлер мен келушілер салық заңнамасы, тіл және жарнама туралы заңнама, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жинақтау және өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерін сақтау және тағы да басқа сұрақтар бойынша кеңес алады.

Жоспар бойынша «Кәсіпкерлерге кеңес беру» акциясы жылдың соңына дейін елорданың 24 сауда объектісінде өткізіледі.

Алдағы консультациялық көмек беру шарасы 17 наурыз күні «Солтүстік» сауда үйінде ұйымдастырылады. Шараның басты мақсаты Нұр-Сұлтан қаласындағы іскерлік ахуалды жақсартып, шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін арттыру екендігін айта кеткен жөн.