Сурет:habr.com
Қазір құрылыс алаңдарын бақылауда вибросенсорлар мен микрофонды сенсорларды қолдануға басымдық беріп отырмыз. Бұл құрылғылар қауіпсіздік деңгейін арттырып, сапаны нақты бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар топырақ негіздерін модельдеу арқылы оның өзгерісін алдын ала болжау, су басу қаупін ертерек анықтау бағытында зерттеулер жүргіземіз.
Арнайы құрылғыларды топыраққа енгізу арқылы оның ылғалдылық деңгейі мен гидрофизикалық сипаттарын өлшейміз. Соның нәтижесінде іргетастың шөгу қаупін ерте кезеңде анықтауға жол ашылады. Бұл – құрылыс сапасын арттырып қана қоймай, апаттың алдын алуға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Қазір осы жобаларды ғылыми мақалаға тұжырымдап, халықаралық журналдарда жариялаймыз. Сонымен бірге бірнеше докторант пен магистрантқа жетекшілік етіп, ғылыми кадр даярлау ісіне үлес қосып жүрмін.
Ғылым күні – жай ғана мереке емес. Бұл – елдің болашағын байыптайтын маңызды күн. Бүгінде елімізде ғылымға деген көзқарас жақсарды. Жас зерттеушілерге жағдай жасалып, жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Ең бастысы – ғылымның нәтижесі қоғамға қызмет етуі керек. Біз осы мақсатта еңбек етіп келеміз.
Елбек Өтепов,
PhD, профессор