Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Жаңа шағын ауданда 700 үй салынады
Қазір Солтүстік Қазақстан облысы ауыл-селолардағы үйлер саны ең көп дегенде 300-ден аспайды. Бұрынғыдай мыңнан артық үйлерден тұратын кеңшар орталықтары жоқ. Олармен салыстырғанда «Солнечный-2» шағын ауданына тасқын судан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлер саны қазірдің өзінде 700 болатыны белгілі болып отыр. 500-нен артығының құрылысы жүріп те жатыр. Сондықтан бұл шағын аудан болашақта Солтүстіктің аудан орталықтарына жетеғабыл тұтас кент болары сөзсіз.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Рәміздер күні «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінде Абылай ханның ақ туы көтеріліп, құнды жәдігер хан штандарттарының қатарына қойылды.
Зерде • 04 Маусым, 2024
Ұлт тарихындағы қайта өрлеу кезеңі
Кеңес өкіметі тұсындағы саяси қуғын-сүргін – халқымыздың жазылмас жан жарасы. Бұл күрделі кезеңді жан-жақты зерттеп, әлемдік деңгейде баға беретін әлеуетіміз болу керегі сөзсіз. Осы бағытта елімізде елеулі елдік жобалар қолға алынды. Соның аясында таяуда Солтүстік Қазақстанда тағылымды ғылыми жиын өтті.
Аймақтар • 01 Маусым, 2024
Биылғы тасқынның залалы әлі ұзақ жыл бойы айтылары сөзсіз. Мұндай апат жүздеген жылда бір рет келген. Тасыған Есілдің сарқырай аққан суы 3-4 метрлік дамбаны бұзып қалаға кіріп кеткені, бірнеше шағын ауданды үш аптадай басып тұрғаны әлі талай әңгімеге арқау болар.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2024
Жаздың шығуымен жол жүру ережесін бұзу да арта түседі. Қыстыгүні немесе күзгі, көктемгі қатқақта көлігін қатты жүргізе алмайтын кейбір есерлер тақыр жерде көлігінің тақымын жазуға тырысады. Әсіресе ішімдік татып алғандар көлік тізгінін еркіне жібереді. Жуырда сондай бір жүргізуші «Челябі – Новосібір» тасжолының Солтүстік Қазақстан аумағындағы учаскесінде полицияның «тоқта» деген белгісінен қашып, құтты кинодағыдай қуғын тудырды.
Білім • 30 Мамыр, 2024
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында мектепке дейінгі, орта және кәсіби білім беретін 700 мекеме оқу жылын аяқтады. Оларда оқитын 100 мыңнан артық тәрбиеленуші мен оқушы жазғы демалысқа шықты.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы біздің Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты сәуірдің 27-сінен кейін ғана басталды. Оған дейін қаланың Есіл жақ беттегі шағын аудандарын су басып, жергілікті билік пен тұрғындарды, құтқарушылар мен полицияны, әскерилер мен волонтерлерді – бәрін қатты әбігерге салды.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2024
Жан-жақты көмек – көңілге демеу
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмағамбетов үйін тасқын су бұзып кеткен отбасыларға берілген 31 пәтердің иелерімен кездесіп, құттықтады.
Энергетика • 28 Мамыр, 2024
Делдал азайып, тариф төмендеді
Солтүстік Қазақстан облысында электр және жылу қуатын өндіретін де, халыққа, кәсіпорын-мекемелерге тарататын да – «Севказэнерго» АҚ және оның еншілес кәсіпорындары. Еншілес кәсіпорындардың барлығы бір акционерге сатылып, тегіс жекеге айналдырылған. Бас директоры – Анатолий Казановский.
Университет • 25 Мамыр, 2024
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті тұтасымен мемлекеттік мекеме. Екі жылдан бері АҚШ-тың Аризона университетіне сенімді басқаруға берілді деген дақпырт шыққанымен тек кейбір агро-техникалық мамандықтар ғана сол оқу орнының бағдарламасымен оқиды. Біздің студенттер үшінші курстан кейін сонда барып білім алады.